Студенттердің ойлау процесіндегі стильдермен өзарабайланысын психологиялық талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-150-1-137-152

Кілт сөздер:

танымдық қабілеттер, ойлау процесі, ой, когнитивті, ойлау стилдері, интеллектуалдық, логика, рефлексия.

Аңдатпа

Жоғары оқу орнындағы студенттердің  әлеуметтік ортада дамуы мен кәсіби қалыптасуына ойлау процесінің маңыздылығы зор. Ойлау  процесі  обьект пен субьектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге  асады. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу оның ішкі, танымдық құпия мәнін және өнімді болуын,  өзіндік ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

Ойлау процесі тұлғаның дамуында белгілі бір іс-әрекетпен байланысты менталды қабілеттерінен тұратын күрделі құрылымдық білім. Адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекетінің нәтижесі ретінде, әлеуми ортаны қабылдау мен рефлексияны біріктіре, коммуникативті қабілеттердің танымдық аспектісін түсіндіреді. Ой бұл ақпаратты өңдеуде, оның дағдыларын дамытуға, әлеуметтік контексте белсенді болуы, когнитивтік, эмоционалдық, мінез-құлық компоненттерді сипаттайтын интеллектуалдық дамуымен анықталады. Білім алушылардың қызығушылығын арттыруда, логикалық пен ақыл-ой қабілеттерін дамытуда, ғылыми зерттеу дағдыларын меңгеруде, таным объектілерін интеллектуалды қалыптастыру негізінде ойлау процесі орындалады. Ойлау-обьективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, тұлғаның танымдық әрекетіндегі стильдермен ерекшеленеді. Ойлау стилдерінде тұлғаның интеллектуалдық бағыттары, тәсілдері, дағдылар мен операциялар жүйесі түсіндіріледі. Білім алушылардың когнитивтік стильдік ерекшеліктеріндегі интеллект ресурстары, ойлау белсенділігінде  жаңа білім алуға, мәселелерді шешуге, шешім қабылдауға, өз іс-әрекеттерін тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Ойлау процесі пайымдау негізінде саналы және мақсатты болып табылатын, қандай да бір нәтиже беретін ой қозғалысы.

Мақалада студенттердің ойлау стильдерін зерттеу қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-28

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Студенттердің ойлау процесіндегі стильдермен өзарабайланысын психологиялық талдау. (2025). Psychology and Cognitive Sciences , 150(1), 137-152. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-150-1-137-152

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.