Жастарға әлеуметтік желілердің  психологиялық әсерін зерттеудің теориялық негіздері

Авторлар

  • М.Д. Мұратова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0000-8619-3197
  • Г.Ж. Менлибекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-6136-1083

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-155-2-33-50

Кілт сөздер:

әлеуметтік желілер, психологиялық әл-ауқат, әлеуметтік желілердің әсері, жастар, қысқа бейнероликтер, клиптік ойлау, когнитивтік процестер

Аңдатпа

Мақала соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан әлеуметтік желілердің жастарға психологиялық әсері мәселесіне арналған. Әлеуметтік желілер жас қолданушылардың өмірінде маңызды орын алатындықтан, олардың цифрлық кеңістікке тартылуы қоғамда жаңа психологиялық және әлеуметтік сын-қатерлерді тудырады: кибербуллингтің таралуы, дене дисморфиясы, тікелей қарым-қатынас дағдыларының жетіспеушілігі, эмоционалды интеллект деңгейінің төмендеуі, тұлғаның когнитивті бұзылыстары, психикалық ауытқулардың даму қаупі және т.б. Мақалада әлеуметтік желілердің жастарға психологиялық әсерін зерттеудің теориялық негіздерін цифрлық трансформация жағдайында қарастырудың өзектілігі айқындалады.

         Мақалада жедел тұтыну форматы мен қысқа бейнероликтер (TikTok, Instagram Reels, YouTube Shorts) сияқты жаңа контент түрлеріне ерекше көңіл бөлінген. Олар клиптік ойлаудың қалыптасуына ықпал етіп, сенсорлық шамадан тыс жүктемені арттырады және когнитивті әрі эмоционалды салада өзгерістер тудыруы мүмкін. Мақалада әлеуметтік желілердің тұлғаға психологиялық әсері мәселесіне қатысты заманауи ғылыми базадағызерттеулерге талдау жасалған, әлеуметтік желілердің ықпал ету деңгейлері ашылған, ғылыми базасындағыолқылықтар айқындалған және болашақ зерттеу бағыттары көрсетілген.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жастарға әлеуметтік желілердің  психологиялық әсерін зерттеудің теориялық негіздері. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 155(2), 33-50. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-155-2-33-50

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 74

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.