Журнал туралы
ISSN (ONLINE) 3104-4611
Жаңа есепке қою туралы куәлік №KZ00VPY00114489
Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Жиілігі: жылына 4 рет.
БАС РЕДАКТОРДЫҢ СӨЗІ
Құрметті «Psychology and Cognitive Sciences» журналының оқырмандары, авторлары және рецензенттері!
Журналдың редакциялық саясаты бүгіннен бастап өзектендіріліп, ғылыми жарияланымдарға қойылатын заманауи халықаралық талаптар мен академиялық адалдық қағидаттарына сәйкес жаңартылғанын хабарлаймыз.
Жаңартылған редакциялық саясатта қолжазбаларды дайындау және рәсімдеу талаптары, рецензиялау рәсімдері, жарияланым этикасы, академиялық адалдықты бұзу жағдайларының алдын алу шаралары, сондай-ақ ғылыми жұмыстарды дайындау барысында жасанды интеллект технологияларын пайдалану тәртібі нақтыланған.
Енгізілген өзгерістер жарияланатын материалдардың сапасын арттыруға, редакциялық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге және журналдың халықаралық ғылыми баспа стандарттарына сәйкес одан әрі дамуына бағытталған.
Авторлардан қолжазбаларын журналға ұсынбас бұрын редакциялық саясаттың жаңартылған нұсқасымен мұқият танысуды сұраймыз.
Журнал авторларына, рецензенттеріне және оқырмандарына жемісті ынтымақтастықтары, сенімдері және ғылыми қауымдастықтың дамуына қосқан үлестері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің белсенді қатысуларыңыздың арқасында журнал психология және когнитивтік ғылымдар саласындағы жоғары сапалы ғылыми зерттеулерді жариялау мен таратуға арналған беделді халықаралық алаң ретіндегі өз ұстанымын нығайтып келеді. Бұл зерттеулер психикалық үдерістерді, адам мінез-құлқын және сана механизмдерін ғылыми тұрғыдан тереңірек түсінуге, сондай-ақ олардың қоғамдық және клиникалық практикадағы қолданылу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
«Psychology and Cognitive Sciences » журналының редакциялық саясаты толық нұсқасы сілтеме арқылы қолжетімді.
Құрметпен,
Журналдың бас редакторы
Әлия Мамбеталина






