Рәсімдеу талаптары
Журнал редакциясы авторлардан
Журналдың ережелерімен (Журнал туралы жалпы ақпаратты, мақалаларды қарау тәртібін, авторларға арналған нұсқаулықты және жариялау этикасын қамтитын редакциялық саясатпен) мұқият танысып, Журналға ұсынылатын жұмыстарды дайындау кезінде осы талаптарды сақтауды сұрайды. Белгіленген талаптардан ауытқу мақаланың жариялану мерзімін кешіктіруі мүмкін.
Мақаланы редакцияға жолдау автордың (авторлардың) «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Psychology and Cognitive Sciences сериясы» журналының баспагері болып табылатын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне айрықша құқықтарды белгіленбеген мерзімге беруіне келісім білдіретінін білдіреді.
а) Редакцияға (мақаланы онлайн тапсыру жүйесі арқылы) Журналдың түпнұсқа стильдік файлын пайдалана отырып дайындалған Word форматындағы мақала файлдары ұсынылады. Стильдік файлды Журналдың сайтынан жүктеп алуға болады:
https://psyjournal.enu.kz/index.php/pcs-journal
b) Мақаланы онлайн ұсыну тәртібі туралы толық ақпаратпен Журналдың сайтында танысуға болады:
https://psyjournal.enu.kz/index.php/pcs-journal
Сондай-ақ автор(лар) ілеспе хатты ұсынуы тиіс (ол да онлайн жүйеге тіркеледі). Мақала файлдарының атауы мақала тақырыбының алғашқы 4–5 сөзінен тұруы қажет.
Мақаланың көлемі 6 беттен кем емес және 16 беттен аспауы тиіс. Мақала көлемін есептеу кезінде аннотация, түйінді сөздер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, References бөлімі, сондай-ақ автор(лар) туралы мәліметтердің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқалары есепке алынбайды.
Көрсетілген көлемнен асатын жұмыстар Журналдың бас редакторының шешімі бойынша ерекше жағдайларда ғана жариялауға қабылданады.
Жұмыс мәтіні алдымен ХҒТАР (Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат рубрикаторы; http://grnti.ru сілтемесі бойынша анықталады) индексінен басталады. Одан кейін автордың (авторлардың) аты-жөнінің бас әріптері мен тегі, ұйымның толық атауы, қала, ел, автордың (авторлардың) электрондық поштасы (e-mail), мақала атауы, аннотация және түйінді сөздер көрсетіледі.
Авторлар. ХҒТАР индексінен кейін бір жол қалдырып, авторлардың тізімі (тегі мен аты-жөнінің бас әріптері), ұйымның толық атауы, қала, ел көрсетілуі тиіс. Егер авторлар әртүрлі ұйымдарда жұмыс істейтін болса, автордың тегі мен тиісті ұйымның атауының жанына бірдей белгі қойылуы қажет. Автордың (авторлардың) электрондық поштасы (E-mail) жақша ішінде курсивпен көрсетіледі. Мақала атауы ортасына қарай тураланып, қалың қаріппен (bold) жазылады. Авторлар саны бестен аспауы тиіс.
Аннотация көлемі 150 сөзден кем емес және 300 сөзден аспауы тиіс. Аннотацияда күрделі формулалар болмауы керек, мақала атауының мазмұнын қайталамауы тиіс, жұмыс мәтініне және әдебиеттер тізіміне сілтемелер қамтылмауы қажет. Аннотация мақала мазмұнының қысқаша мазмұнын беріп, оның ерекшеліктерін көрсетіп, мақаланың құрылымын сақтауы тиіс.
Түйінді сөздер (7 сөз немесе сөз тіркесі) мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуі, зерттеудің пәндік саласын айқындауы және мақала мәтінінде кездесуі тиіс. Түйінді сөздер бір-бірінен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылады.
Мақаланың құрылымы мүмкіндігінше төменде көрсетілген ақпараттарды қамтуы тиіс (олардың болуы мен толықтығын Журналдың рецензенттері мен редакторлары бағалайды):
– мақала мәтінін дұрыс түсінуді қамтамасыз ететін қажетті белгілер мен анықтамалар;
– мақала арналған ғылыми мәселенің (міндеттің) қойылымы;
– мәселенің қойылуына қатысты тарихи мәліметтер және тиісті толық библиографиялық сілтемелер;
– мақала тақырыбына қатысты алдыңғы нәтижелердің кім және қашан алғаны туралы ақпарат;
– ғылыми жұмыстың ең маңызды бөлігі ретінде қарастырылатын зерттеу мәселесінің қажеттілігі мен өзектілігін негіздеу;
– мақалада ұсынылған мәселе шешімінің нақты тұжырымдалуы және толық сипаттамасы;
– мақала нәтижелерінің жаңалығын бұрын белгілі нәтижелермен салыстыра отырып жан-жақты негіздеу;
– ұсынылған шешімнің толық негіздемелермен және дәлелдермен сүйемелденуі.
Осы талаптардың кем дегенде біреуі сақталмаған жағдайда мақала қарауға қабылданбайды.
Кестелер жұмыс мәтініне тікелей енгізілуі тиіс. Олар нөмірленіп, мәтінде тиісті сілтемелермен көрсетілуі қажет. Суреттер мен графиктер келесі стандартты форматтардың бірінде ұсынылуы тиіс: PS, PDF, TIFF, GIF, JPEG, BMP, PCX. Растрлық (нүктелік) суреттердің ажыратымдылығы кемінде 600 dpi болуы қажет. Суреттерде барлық бөлшектер анық әрі айқын көрінуі тиіс.
«Авторлардың үлесі» (Author Contributions), «Қаржыландыру» (Funding), «Алғыс білдіру» (Acknowledgements) бөлімдері және Жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдалану туралы декларация «Қорытынды» бөлімінен кейін орналастырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде тек мақала мәтінінде сілтеме жасалған дереккөздер ғана көрсетілуі тиіс (дәйексөз келтіру ретімен немесе ағылшын әліпбиі тәртібімен рәсімделеді). Дәлелдемелерде нәтижелері пайдаланылған жарияланбаған жұмыстарға сілтеме жасауға жол берілмейді.
Авторлардың жарияланымдық регламенті
Журналдың бір санында автордың (соның ішінде бірлескен авторлықтағы мақалаларды қоса алғанда) бір ғана мақаланы жариялауға құқығы бар.
Бір автордың мақаласы (жеке авторлықпен немесе бірлескен авторлықпен дайындалғанына қарамастан) Журналдың келесі санында жарияланбайды. Автордың қайта жариялануына бір сан өткізіп барып қана рұқсат етіледі және бұл жағдайда мақала рецензиялау рәсімінен сәтті өтіп, редакциялық саясаттың барлық талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Антиплагиат жүйесі арқылы тексеру нәтижесінде түпнұсқалық деңгейі 80 % және одан жоғары болған мақалалар ғана одан әрі рецензиялауға жіберіледі.
Авторларға түсіндірме
Егер автор Журналдың №1 санында мақала жариялаған болса, келесі мақаласын жариялауға №3 санынан бастап қана ұсына алады.
«Psychology and Cognitive Sciences» журналында жариялауға арналған мақалаларды дайындау барысында ғылыми мақаланың құрылымын қатаң сақтау және рәсімдеу талаптарын басшылыққа алу қажет.
Мақаланы рәсімдеу параметрлері
– қағаз форматы – А4;
– бет бағдары – кітаптық;
– барлық жағынан жиектер (өрістер) – 20 мм;
– қаріп түрі – Times New Roman;
– қаріп өлшемі (кегль) – 14;
– жоларалық интервал – 1,0;
– абзацтың бірінші жолының шегінісі («қызыл жол») – 1,25 см;
– мәтінді туралау – ені бойынша.
Мақаланың көлемі (атауы, авторлар туралы мәліметтер, аннотация, түйінді сөздер және пайдаланылған әдебиеттер тізімі есепке алынбайды) кемінде 6 бет (3000 сөз) және ең көбі 16 бет (7000 сөз) болуы тиіс.
Ғылыми мақаланың құрылымы
Ғылыми мақаланың құрылымы IMRAD (ИМРАД) қағидатына сәйкес құрылады (түпнұсқа ғылыми мақалалар үшін) және келесі бөлімдерді қамтиды: мақала атауы; аннотация; түйінді сөздер; кіріспе; материалдар мен әдістер; нәтижелер; талқылау; қорытынды; қаржыландыру туралы ақпарат (бар болған жағдайда); пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- МРНТИ
- УДК
- Автор(лар)дың толық аты-жөні (ORCID түймесін басыңыз)
- Автор(лар)дың жұмыс орны, қаласы, елі, электрондық поштасы
- Мақала тақырыбы
- Аңдатпа
- Түйінді сөздер
- Кіріспе
- Материалдар мен зерттеу әдістері
- Нәтижелер және оларды талқылау
- Қорытынды
- Қаржыландыру туралы ақпарат
- Алғыс айту, мүдделер қақтығысы
- Авторлардың үлестері
- Әдебиеттер тізімі:
- Авторлар туралы ақпарат.
Әрбір автор төменде көрсетілгендей жоғарғы тіркелудегі сандарды пайдаланып өз ұйымымен байланысын жүзеге асырады:
|
С.К. Искендирова*1, С.Ж. Зейнолла2 1Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалы, Көкшетау, Қазақстан 2Қазақ-Неміс университеті, Алматы, Қазақстан (E-mail: 1s196@gmail.com, 2saule@gmail.com) |
Докторанттарға олардың ғылыми жетекшiсi әзірлеген мақалаға пiкiр берген жағдайда, бірлескен авторларсыз мақалалар жариялауға рұқсат етiледi.
Магистранттардың жұмыстары ғылым докторы немесе кандидаты, сондай-ақ PhD докторы бірлесіп жазған жағдайда ғана жариялануы мүмкін.
Мақаланы стандартқа келтіру тәртібі.
Сіздің тақырыбыңыз бойынша ҒТАМР (Ғылыми және техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы) http://www.grnti.ru веб-сайтында анықталуы мүмкін. Ол қолжазбаның сол жақ жоғарғы бұрышында көрсетілген. (Тегістеу – солға, шрифт – қалың, шрифт өлшемі – 14). Файл стилін журналдың https://psyjournal.enu.kz сайтынан жүктеп алуға болады
Автор(лар). ҒТАМР -дан кейін бір жолда автор(лар)дың аты-жөні және аты-жөні ортасына, курсивпен жазылуы керек; ұйымның толық атауы, қаласы, елi (егер авторлар әртүрлi ұйымдарда жұмыс iстейтiн болса, автордың тегi мен тиiстi ұйымның қасына бiр белгi қою қажет);
Автор(лар) электрондық поштасы – жақшада, курсивпен; мақала тақырыбы – ортасына реттелген, қою шрифтпен).
Егер бірнеше автор болса, олар мақалада аталу ретін өздері шешеді және оның мазмұнына толық жауапкершілікте болады. Авторлар саны 5-тен аспайды. (Тегістеу – ортасы, шрифт – қалыпты, шрифт өлшемі – 14).
Мақала тақырыбы ортада, бас әріппен, қалың, түзу шрифтпен, 14 шрифтпен жазылады. Мақаланың соңында екі басқа тілде, яғни орыс тілінде, ағылшын тілінде (егер мақала қазақ тілінде болса), қазақ тілінде, ағылшын тілінде (егер мақала орыс тілінде болса), қазақ және орыс тілдерінде (мақала ағылшын тілінде болса).
Аңдатпада (Аннотация/Abstract) зерттеудің ең маңызды нәтижелері және олардың теориялық және практикалық маңыздылығы баяндалады. Аңдатпада зерттеудің мәні мен пайдаланылған әдістері баяндалады, неғұрлым маңызды нәтижелер мен олардың маңыздылығы жиынтықталады.
Аңдатпада мақаланың қысқаша мазмұнын, оның мәнін, зерттеулердің жалпы тақырыбын, проблеманың, объектінің, заттың қысқаша сипаттамасын көрсетуі, мақаланың құрылымын - өзектілігін, міндет қоюын, мақсатын, зерттеу әдістерін, нәтижелерін, қорытындысын сақтауы тиіс.
Көлемі - 150 сөзден кем емес және 300 сөзден аспайтын орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде. Тегістеу - ені бойынша, қаріп - кәдімгі, кегль - 14).
Аңдатпа құрылымы мынадай тармақтарды қамтиды:
-Зерттеу тақырыбы туралы кіріспе сөз.
-Ғылыми зерттеудің мақсаты, негізгі бағыттары мен идеялары.
-Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығының қысқаша сипаттамасы.
-Зерттеу әдіснамасының қысқаша сипаттамасы.
-Негізгі нәтижелер және талдау, зерттеу жұмысының қорытындылары.
-Жүргізілген зерттеудің құндылығы (осы жұмыстың тиісті білім саласына қосқан үлесі).
-Жұмыс қорытындыларының практикалық мәні.
Түйінді сөздер (Keywords / Key words). Мақала мәтінін іздестіруді жеңілдету және оның пәндік саласын анықтау мақсатында 7 сөзден немесе сөз тіркесінен тұратын түйінді сөздерді көрсету ұсынылады.
Мақаланың соңында негізгі аннотациядан кейін аннотация мен түйінді сөздер тағы екі тілде беріледі, атап айтқанда:
– мақала қазақ тілінде жазылған жағдайда – орыс және ағылшын тілдерінде;
– мақала орыс тілінде жазылған жағдайда – қазақ және ағылшын тілдерінде;
– мақала ағылшын тілінде жазылған жағдайда – қазақ және орыс тілдерінде.
Мәтінді рәсімдеу талаптары: мәтін ені бойынша тураланады, қаріп түрі – қалыпты (кәдімгі), қаріп өлшемі – 14 кегль.
Түйінді сөздер (7 сөз немесе сөз тіркесі) мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуі, зерттеудің пәндік саласын айқындауы және мақала мәтінінде кездесуі тиіс. Түйінді сөздер бір-бірінен үтір арқылы ажыратылады.
Әрбір мақалада DOI (DOI) болуы
DOI: https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-1-х-х
Received: 9.04.2025. Revised: 12.05.2025. Accepted: 01.06. 2025. Available online: 30.09.2025.
Негізгі бөлім IMRAD бабының құрылымы бойынша мынадай бөліктерден тұрады: (кіріспе (міндет қою, мақсаттар, тарих), зерттеу әдістері, талқылаулар/нәтижелер, қорытынды), (абзацтан жазылады, жартылай қалың қаріппен ерекшеленеді):
-Кіріспе мынадай негізгі элементтерден тұрады:
Тақырыпты таңдау негіздемесі; тақырыптың немесе проблеманың өзектілігі. Тақырыпты таңдау негіздемесінде алдыңғылардың тәжірибесін сипаттау негізінде проблемалық жағдайдың болуы (қандай да бір зерттеулердің болмауы, жаңа объектінің пайда болуы және т.б.) туралы хабарланады. Тақырыптың өзектілігі осы объектінің зерттелуіне жалпы қызығушылықпен, бірақ бар сұрақтарға толық жауаптардың болмауымен айқындалады, ол тақырыптың теориялық немесе практикалық маңыздылығымен дәлелденеді.
Объектіні, нысананы, мақсаттарды, міндеттерді, әдістерді, тәсілдерді, гипотезаларды және жұмыстың мәнін айқындау. Зерттеудің мақсаты тезистің дәлелімен, яғни зерттеу нысанасының автор таңдаған аспектіде ұсынылуымен байланысты.
Әдебиетке шолу (Literature review) секциясында шетелдік авторлардың зерттелетін тақырыбы бойынша іргелі және жаңа еңбектері, олардың ғылыми үлесі тұрғысынан осы еңбектерді талдау, сондай-ақ зерттеудегі мәселелер қамтылуы тиіс.
Жұмысқа қатысы жоқ көптеген сілтемелердің немесе автордың өз жетістіктері туралы орынсыз пайымдаулардың, автордың алдыңғы жұмыстарына сілтемелердің болуына ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ.
Әдіснама материалдар мен жұмыс барысының сипаттамасынан, сондай-ақ пайдаланылған әдістердің толық сипаттамасынан тұруы тиіс. Зерттеу объектісі және оны жүргізу кезінде пайдаланылған барлық әдістер сипатталады, олардың мәні мен негізделген таңдауы көрсетіледі. Бөлiм оқырман осы зерттеудiң әдiснамалық артықшылықтары мен кемшiлiктерiн өз бетiнше бағалап қана қоймай, қалауы бойынша оны қайталайтындай етiп жазылуға тиiс. Зерттеудің пайдаланылатын ғылыми әдістері және оларды қолдану сипатталады. Зерттеу материалының мінездемесі немесе сипаттамасы оның сапалық және сандық тұрғыдан ұсынылуын қамтиды. Материалдың сипаттамасы - қорытындылар мен зерттеу әдістерінің дұрыстығын айқындайтын факторлардың бірі.
Бұл бөлімде проблеманың қалай зерттелгені сипатталады: бұрын жарияланып белгіленген рәсімдерді қайталамай егжей-тегжейлі ақпарат; жабдықты (бағдарламалық қамтамасыз етуді) сәйкестендіру және материалдар мен әдістерді пайдалану кезінде міндетті түрде жаңалық енгізе отырып, материалдарды сипаттау пайдаланылады.
Ғылыми әдістеме мыналарды қамтуы керек:
- зерттеу сұрақтары;
- ұсынылған болжам (тезис);
- зерттеу кезеңі;
- зерттеу әдісі.
Нәтижелер және Талқылау – мақаланың маңызды бөлімдерінің бірі. Бөлімде алынған зерттеу нәтижелерін талдау және талқылау беріледі. Зерттеу барысында алынған нәтижелер бойынша қорытындылар беріліп, негізгі мәні ашылады. Жұмыстың нәтижелерін талдап, сәйкес нәтижелерді алдыңғы жұмыстармен, талдаулармен және қорытындылармен салыстыра отырып талқылау қажет.
Кестелер тікелей жұмыс мәтініне енгізіледі. Олар нөмірленуі және жұмыс мәтінінде оларға сілтеме болуы керек. Сызбалар мен графиктер стандартты пішімдердің бірінде ұсынылуы керек: PS, PDF, TIFF, GIF, JPEG, BMP, PCX. Нақты белгіленген суреттер 600 dpi. нүкте/дюймдік рұқсатта жасалуы керек. Суреттерде барлық бөлшектерді анық жеткізуі керек.
Мысалы:
Сурет 2. Л.И. Вассерман әдісі бойынша эксперименттік топтағы зерттеуге қатысушылардыңневротизм деңгейінің динамикасы.
Ескерту: деректер негізінде құрастырылған (Л.И. Вассерман,2025)
1 кесте
Л.И. Вассерман әдісі бойынша эксперименттік топтағы зерттеуге қатысушылардың невротизм деңгейін салыстырмалы талдау нәтижелері (Л.И. Вассерман,2025)
|
невротизм деңгейі |
Адамдар саны |
|
|
Психологиялық реабилитация алдындағы эксперименттік топ |
Психологиялық реабилитациядан кейінгі эксперименттік топ |
|
|
Жоғарғы деңгей |
10 |
9 |
|
Төменгі деңгей |
1 |
0 |
|
Өте жоғарғы деңгей |
1 |
3 |
|
Орташа деңгей |
1 |
1 |
Ескерту: деректер негізінде құрастырылған (Л.И. Вассерман,2025)
Қорытынды. Зерттеу жұмысының осы кезеңіндегі нәтижелерді жинақтау және қорытындылау; автор ұсынған тұжырымның негізділігін растау, сондай-ақ алынған нәтижелерді ескере отырып, ғылыми білімнің толықтырылуы немесе өзгеруі жөніндегі авторлық қорытындыны баяндау.
Қорытындылар абстрактілі сипатта болмауы тиіс. Олар зерттеу нәтижелерін белгілі бір ғылыми сала аясында жалпылауға бағытталып, зерттеудің практикалық және теориялық маңызын көрсетуі, сондай-ақ болашақ зерттеулердің бағыттары, ұсыныстары немесе әрі қарайғы жұмыс жүргізу мүмкіндіктері туралы ақпаратты қамтуы қажет.
Авторлардың үлесі
Осы бөлімде әрбір автордың мақаланы дайындауға қосқан үлесі нақты көрсетілуі тиіс. Авторлық үлес деп жұмыстың белгілі бір бөлігінің немесе тұтастай жұмыстың орындалуына, сондай-ақ мақаланың жазылуына мүмкіндік берген зияткерлік үлес түсініледі.
Мақала авторлары ретінде төмендегі критерийлердің біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келетін тұлғалар көрсетілуі мүмкін:
– зерттеудің тұжырымдамасын немесе дизайнын әзірлеуге елеулі үлес қосу;
– зерттеу нәтижелерін жинау, талдау немесе интерпретациялау;
– мақала мәтінін жазу және/немесе оның мазмұнын сыни тұрғыдан қайта қарау;
– жариялауға ұсынылатын мақаланың соңғы нұсқасын мақұлдау;
– жұмыстың барлық аспектілері үшін жауапкершілікті өз мойнына алу, сондай-ақ деректердің сенімділігіне немесе мақаланың барлық бөліктерінің тұтастығына қатысты мәселелерді тиісті түрде қарастыру және шешу.
Мақаланы дайындауға өзге сипаттағы үлес қосқан тұлғалар мақаладағы «Алғыс білдіру / Acknowledgements» бөлімінде көрсетілуі мүмкін.
Авторлық үлесті сипаттауға арналған мысалдар толық тізім болып табылмайды. Әрбір автордың ерекше үлесін атап көрсету және оның мақала дайындау процесіне қатысуын барынша нақты сипаттау ұсынылады.
Түпнұсқа ғылыми мақалаларда тәжірибелік зерттеуді орындауға қатысқан қосалқы авторлар үшін олардың үлесі нақты эксперименттік жұмыстың жекелеген кезеңдері бойынша көрсетілуі тиіс.
Қаржыландыру
Осы бөлімде зерттеуді қаржыландыру көздері және өзге де қолдау түрлері туралы ақпарат көрсетіледі. Атап айтқанда, қаржыландыру бағдарламалары, гранттар, ғылыми жобалар, сондай-ақ техникалық, ұйымдастырушылық немесе сараптамалық көмек туралы мәліметтер беріледі.
Алғыс білдіру
Авторлар зерттеуді жүргізуге және мақаланы дайындауға қолдау көрсеткен барлық тұлғалар мен ұйымдарға алғыс білдіреді.
Мүдделер қақтығысы
Мүдделер қақтығысы болмаған жағдайда келесі тұжырым қолданылады: «Авторлар мүдделер қақтығысының жоқ екенін мәлімдейді.»
Жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдалану туралы декларация.
Қолжазбаны дайындау барысында жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдаланған авторлар ЖИ пайдалану туралы декларацияны ұсынуға міндетті және онда келесі ақпаратты көрсетуі тиіс:
- ЖИ құралының атауы;
- нұсқасы (версиясы);
- пайдалану мақсаты мен кезеңі.
Декларацияның үлгісі
Генеративті жасанды интеллект пен жасанды интеллектке негізделген технологияларды осы жұмысты дайындау барысында пайдалану туралы мәлімдеме.
Осы жұмысты дайындау барысында автор(лар) [ҚҰРАЛДЫҢ/СЕРВИСТІҢ АТАУЫ] құралын [МАҚСАТЫ] үшін пайдаланды. Аталған құралды/сервисті қолданғаннан кейін автор(лар) мазмұнды қажеттілігіне қарай тексеріп, редакциялады және жарияланған мақаланың мазмұны үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде тек жұмыс мәтінінде сілтеме жасалған дереккөздер ғана көрсетілуі тиіс (дәйексөз келтіру ретімен немесе ағылшын әліпбиі бойынша реттелген түрде). Дәлелдемелерде пайдаланылған нәтижелері бар жарияланбаған жұмыстарға сілтеме жасауға жол берілмейді.
Мақала мәтінінде, сондай-ақ кестелерде және сурет астындағы жазбаларда сілтемелер APA 7th Edition библиографиялық стиліне сәйкес автордың тегі мен жарияланған жылы көрсетілген дөңгелек жақшада берілуі тиіс, мысалы: (Smith et al., 2009).
Мақаланың соңында пайдаланылған әдебиеттердің толық тізімі APA 7th Edition талаптарына сәйкес ағылшын әліпбиі бойынша рәсімделеді. APA 7th Edition бойынша рәсімдеу үлгілерімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://apastyle.apa.org/instructional-aids/reference-examples.pdf
Пайдаланылған әдебиеттердің сапасы мен саны мақаланың өзектілігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты авторларға келесі талаптарды сақтау ұсынылады:
-барлық әдебиеттерге жасалған сілтемелер ағылшын тіліндегі библиографиялық деректермен рәсімделуі тиіс;
-әдебиеттер тізіміндегі дереккөздердің кемінде 50 %-ы Scopus және (немесе) Web of Science дерекқорларында индекстелген болуы тиіс;
-әдебиеттердің кемінде 50 %-ы соңғы 10 жыл ішінде жарияланған болуы керек, олардың жартысы соңғы 3 жыл ішінде жарық көрген болуы тиіс;
-әдебиеттер тізіміндегі мақала авторлары мен қосалқы авторларының жарияланымдары жалпы дереккөздер санының 10 %-ынан аспауы тиіс.
Егер авторлар қазақ немесе орыс тілдеріндегі түпнұсқа жұмыстарға (дереккөздерге) сілтеме жасайтын болса, библиографиялық мәліметтерді төменде көрсетілген үлгіге сәйкес транслитерация түрінде ұсынуы тиіс.
Библиографиялық сілтемелерді рәсімдеу үшін EndNote, Mendeley Reference Managerнемесе Zotero сияқты библиографиялық менеджерлерді пайдалану ұсынылады. Бұл бағдарламалар орфографиялық қателерді болдырмауға, сондай-ақ әдебиеттер тізімінде қайталанатын жазбалардың пайда болуына жол бермеуге мүмкіндік береді.
Әдебиеттер тізімі мен мәтін ішіндегі сілтемелерді рәсімдеу кезінде APA (American Psychological Association) 7th Edition библиографиялық стилін қолдану қажет.
Әдебиеттер тізімі
Ахметова, Н. Р. (2009). Психология студенческого возраста. Педагогический вестник, (12), 4.
Bratman, G. N., Hamilton, J. P., & Daily, G. C. (2012). The impacts of nature experience on human cognitive function and mental health. Annals of the New York Academy of Sciences, 1249, 118–136. https://doi.org/10.1111/j.1749-6632.2011.06400.x
Lubiewska, K., Żegleń, M., Głogowska, K., Sümer, N., Kashuba, Y. (2025). Buffering and Ambiguity Effects of Maternal Warmth on Associations between Psychological Control and Child Attachment in a Cross-National Perspective. Humanities & Social Sciences Communications, 12, 1309,https://doi.org/10.1057/s41599-025-05477-5
Мацкевич, И. К. (1999). Изучение индивидуально-психологических особенностей членов ремиссионной семьи в условиях полиэтнического государства: на материалах Республики Казахстан [Автореферат кандидатской диссертации]. Москва.
Наследов, А. Д. (2004). Математические методы психологического исследования. Анализ и интерпретация данных (Vol. 392). СПб: Речь.
Нартова-Бочавер, С. К., & Мухортова, Е. А. (2020). Опросник «Люди и растения» (ЛиР): Изучение отношения человека к миру растений. Психологический Журнал, 41(1), 86–96. https://doi.org/10.31857/S020595920007984-8
Нургалиев, Р. Н. (Ред.). (1986). Караганда. Карагандинская область: Энциклопедия. Алма-Ата.
Семенова, В. Г. (2013). Самостоятельная работа студентов как важнейшая форма организации учебного процесса в рамках компетентностной модели образования. В Организация самостоятельной работы студентов: материалы докладов ІІ Всероссийской научно-практической интернет-конференции (с. 10–15). Саратов: Новый проект.
Токаев, К.-Ж. (2019, 16 августа). Ежегодная августовская конференция с участием главы государства Касым-Жомарта Токаева. https://www.zakon.kz/redaktsiia-zakonkz/4981834-polnyy-tekst-vystupleniya-tokaeva-na.html
Романизированный список литературы должен выглядеть в следующем виде: транслитерация - http://www.translit.ru, с казахского на латиницу https://qazlat.kz
References
Ahmetova, N. R. (2009). Psihologija studencheskogo vozrasta [Psychology of college age]. Pedagogicheskij vestnik, (12), 4. - [in Russian]
Bratman, G. N., Hamilton, J. P., & Daily, G. C. (2012). The impacts of nature experience on human cognitive function and mental health. Annals of the New York Academy of Sciences, 1249, 118–136. https://doi.org/10.1111/j.1749-6632.2011.06400.x
Lubiewska, K., Żegleń, M., Głogowska, K., Sümer, N., Kashuba, Y. (2025). Buffering and Ambiguity Effects of Maternal Warmth on Associations between Psychological Control and Child Attachment in a Cross-National Perspective. Humanities & Social Sciences Communications, 12, 1309,https://doi.org/10.1057/s41599-025-05477-5
Mackevich, I. K. (1999). Izuchenie individual'no-psihologicheskih osobennostej chlenov remissionnoj sem'i v uslovijah polijetnicheskogo gosudarstva: na materialah Respubliki Kazahstan [Study of individual-psychological features of remission family members in the conditions of a multi-ethnic state: On the materials of the Republic of Kazakhstan] [Abstract of PhD dissertation]. Moskva. - [in Russian]
Nasledov, A. D. (2004). Matematicheskie metody psihologicheskogo issledovanija. Analiz i interpretacija dannyh [Mathematical methods of psychological research: Analysis and interpretation of data]. SPb: Rech'. - [in Russian]
Nartova-Bochaver, S. K., & Muhortova, E. A. (2020). Oprosnik «Ljudi i rastenija» (LiR): izuchenie otnoshenija cheloveka k miru rastenij [The People and Plants Questionnaire (PPQ): Exploring human attitudes towards the plant world]. Psihologicheskij zhurnal, 41(1), 86–96. https://doi.org/10.31857/S020595920007984-8 - [in Russian]
Nurgaliev, R. N. (Ed.). (1986). Karaganda. Karaganda Oblast: Encyclopedia [Karaganda. Karaganda region: Encyclopedia]. Alma-Ata. - [in Russian]
Semenova, V. G. (2013). Samostojatel'naja rabota studentov kak vazhnejshaja forma organizacii uchebnogo processa v ramkah kompetentnostnoj modeli obrazovanija [Independent work of students as the most important form of organizing the educational process within the competence model of education]. In Organizacija samostojatel'noj raboty studentov: Materialy dokladov II Vserossijskoj nauchno-prakticheskoj internet-konferencii (pp. 10–15). Saratov: Novyj proekt. - [in Russian]
Tokaev, K.-Zh. (2019, August 16). Ezhegodnaja avgustovskaja konferencija s uchastiem glavy gosudarstva Kasym-Zhomarta Tokaeva [Annual August conference with the participation of the Head of State Kasym-Jomart Tokayev]. https://www.zakon.kz/redaktsiia-zakonkz/4981834-polnyy-tekst-vystupleniya-tokaeva-na.html - [in Russian]
Өзіндік дәйексөздердің (self-citation) саны пайдаланылған әдебиеттер тізімінде 2-3 дереккөзден аспауы және барлық дереккөздердің жалпы санының 10 %-ынан көп болмауы тиіс.
Мақаланың негізгі мәтіні мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен кейін мақала жазылған тілге байланысты мақала атауы, аннотациясы және түйінді сөздері басқа екі тілде ұсынылуы қажет:
-мақала қазақ тілінде жазылған жағдайда - орыс және ағылшын тілдерінде;
-мақала орыс тілінде жазылған жағдайда - қазақ және ағылшын тілдерінде;
мақала ағылшын тілінде жазылған жағдайда - қазақ және орыс тілдерінде.
С.Қ.Искендирова1, С.Ж.Зейнолла2
1Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Ақмола облысы бойынша филиалы, Көкшетау, Қазақстан
2 Қазақстан-Неміс университеті, Алматы, Қазақстан
Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін бағалау және
оның сапасын басқару мәселелері
Аңдатпа.
Түйін сөздер:
S.K. Iskendirova1, S.Zh. Zeinolla 2
1The Branch of the Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan of Akmola Region, Kokshetau, Kazakhstan
2German-Kazakh University, Almaty, Kazakhstan
Assessment of the Higher Education System of Kazakhstan and Issues of Its Quality Management
Abstract.
Keywords:
Әдебиеттер тізіміне кириллицада берілген шығармалар кірсе, әдебиеттер тізімін екі нұсқада: біріншісі түпнұсқада, екіншісі римдік алфавитте (транслитерация) ұсынылуы қажет.
Романизацияланған әдебиеттер тізімі келесідей болуы керек: транслитерация - http://www.translit.ru , қазақ тілінен латынға https://qazlat.kz
Мысалы:
References
- Nartova-Bochaver, S. K., Muhortova, E. A. (2020). Oprosnik «Ljudi i rastenija» (LiR): izuchenie otnoshenija cheloveka k miru rastenij. [The People and Plants Questionnaire (PPQ): exploring human attitudes towards the plant world] Psihologicheskij zhurnal, 41(1), 86–96. DOI: https://doi.org/10.31857/S020595920007984-8- zhurnal - [in Russian]
- Ahmetova, N.R. (2009). Psihologija studencheskogo vozrasta. [Psychology of college age] Pedagogicheskij vestnik. (12), 4. - gazetnaja stat'ja - [in Russian]
- Tokaev, K.-Zh. (2019, 16 avgusta). Ezhegodnaja avgustovskaja konferencija s uchastiem glavy gosudarstva Kasym-Zhomarta Tokaeva. [Annual August conference with the participation of the Head of State Kasym-Jomart Tokayev] https://www.zakon.kz/redaktsiia-zakonkz/4981834-polnyy-tekst-vystupleniya-tokaeva-na.html - [in Russian]
- Bratman, G. N., Hamilton, J. P., Daily, G. C. (2012). The impacts of nature experience on human cognitive function and mental health // Annals of the New York Academy of Sciences. (1249), 118–136. DOI: https://doi.org/10.1111/j.1749-6632.2011.06400.x-
- Nasledov A.D. (2004). Matematicheskie metody psihologicheskogo issledovanija. Analiz i interpretacija dannyh. [Mathematical methods of psychological research. Analysis and interpretation of data] (SPb: Rech', Vol. 392). - [in Russian]
- Sovet Ministrov SSSR. (1958). Postanovlenie «O merah po uluchsheniju soderzhanija detskih kolonij MVD SSSR» [Resolution «On Measures to Improve the Maintenance of Children's Colonies of the USSR Ministry of Internal Affairs»]. V Sbornike zakonov i Ukazov Prezidiuma Verhovnogo Soveta SSSR, 1938–1958 gg. (s. 604). Moskva. - [in Russian]
- Nurgaliev, R. N. (Red.). (1986). Karaganda. Karagandinskaja oblast': Jenciklopedija. [Karaganda. Karaganda Oblast: Encyclopedia] Alma-Ata. - [in Russian]
- Semenova, V. G. (2013). Samostojatel'naja rabota studentov kak vazhnejshaja forma organizacii uchebnogo processa v ramkah kompetentnostnoj modeli obrazovanija. [Independent work of students as the most important form of organizing the educational process within the competence model of education] V Organizacija samostojatel'noj raboty studentov: materialy dokladov ІІ Vserossijskoj nauchno-prakticheskoj internet-konferencii (s. 10–15). Saratov: Novyj proekt. - [in Russian]
- Mackevich, I. K. (1999). Izuchenie individual'no-psihologicheskih osobennostej chlenov remissionnoj sem'i v uslovijah polijetnicheskogo gosudarstva: na materialah Respubliki Kazahstan [Study of individual-psychological features of remission family members in the conditions of a multi-ethnic state: on the materials of the Republic of Kazakhstan] [Avtoreferat kandidatskoj dissertacii]. Moskva. - [in Russian]
Содан кейін міндетті түрде 3 тілде «авторлар туралы ақпаратты» беруіңіз керек. «Автор туралы ақпарат» бөлімінде барлық мәліметтерді - тегі, аты-жөні – корреспонденция үшін автор, ғылыми дәрежесі, мамандығы, лауазымы, ұйымы, мекенжайы, пошталық индексі, қаласы, елі - толық көрсетіңіз.
Мысалы:
Авторлар туралы мәліметтер:
Искендирова С.К. – хат-хабар авторы, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының профессоры, Абай көшесі, 87, 020000, Көкшетау, Қазақстан. E-mail:
Зейнолла С.Ж. – PhD докторы, жоба жетекшісі, Қазақстан-Неміс университеті, Пушкин көшесі, 111, 050000, Алматы, Қазақстан. E-mail:
Сведения об авторах:
Искендирова С.К. – автор для корреспонденции, кандидат экономических наук, профессор Филиала Академии государственного управления при Президенте Республики Казахстан по Акмолинской области, ул. Абая, 87, 020000, Кокшетау, Казахстан. E-mail:
Зейнолла С.Ж. - доктор PhD, руководитель проекта, Казахстанско-Немецкий университет, ул.Пушкина, 111, 050000, Алматы, Казахстан. E-mail:
Information about the authors:
Iskendirova S.K. – corresponding author, PhD in economics, Professor of The Branch of the Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan of Akmola Region, 87 Abai str., 020000, Kokshetau, Kazakhstan. E-mail:
Zeinolla S.Zh. - PhD in economics, project manager, German-Kazakh University, Pushkin str., 111, 050000, Almaty, Kazakhstan. E-mail:
Журнал редакциясына келіп түскен барлық мақалалар лицензиялық антиплагиат жүйелері арқылы тексеруден өтеді. Егер мәтіннің түпнұсқалық деңгейі 80%-дан төмен болса, мақала тиісті негіздемемен авторға қайта өңдеуге жіберіледі.
Қайта өңделген мақала антиплагиат жүйесі арқылы қайта тексерілген кезде белгіленген талапқа (80% және одан жоғары түпнұсқалық деңгейіне) сәйкес келмеген жағдайда, мақала қабылданбайды.
Мақала авторлары толық түпнұсқалық жұмысты ұсынғанына көз жеткізуі керек; басқа авторлардың жұмысын және/немесе дәйексөздерін пайдаланған жағдайда библиографиялық сілтемелер немесе үзінділер қажет. Басқа авторлардың еңбектеріне дұрыс сілтеме жасау міндетті талап болып табылады. Авторлар ұсынылған жұмыстың сипатына шешуші әсер еткен басылымдарға сілтеме жасауы керек.






