file

Журнал туралы

Журнал Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын басылымдар тізбесіне енгізілген
Psychology and Cognitive Sciences (PCS Journal) — Психология және когнитивтік ғылымдар саласындағы теориялық, эксперименттік және тәжірибеге бағытталған зерттеулерді жариялайтын ғылыми журнал. Басылым ғылыми білімді таратуға, адамның психикасын, санасы мен мінез-құлқын зерттеудегі инновациялық тәсілдерді қолдауға және дамытуға бағытталған.
Педагогикаға, экономикаға, лингвистикаға, менеджментке, жасанды интеллектке, цифрлық технологияларға немесе экология мәселелеріне баса назар аударылған қолжазбалар психологиялық негіз болмаған кезде қарауға қабылданбайды.
Барлық жарияланымдар (мақалалар) қосарлы жасырын сараптамадан өтеді, ғылыми этика талаптарына толық сәйкес келеді және ашық қолжетімділік негізінде жарияланады. Бұл зерттеулердің нәтижелері ғалымдар, тәжірибелі психологтар, оқытушылар, студенттер мен осы салаға қызығушылық танытатын жұртшылық арасында кеңінен таралады. 
Журналдың миссиясы-адам туралы ғылымды дамыту, психологтардың кәсіби қауымдастығын қолдау және психикалық әл-ауқат пен өмір сапасын жақсартуға бағытталған зерттеулерді ілгерілету.
 
ISSN (Print) 3080-1893

ISSN (ONLINE) 3104-4611

DOI: 10.32523/3080-1893

Жаңа есепке қою туралы куәлік №KZ00VPY00114489

Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Жиілігі: жылына 4 рет.

Хабарландырулар

Ағымдағы жылдың 1 қаңтардан бастап «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ басқа да ақылы қызметтер құнының прейскуранты жаңартылды.

2026-01-23

Құрметті авторлар!
Ағымдағы жылдың 1 қаңтардан бастап «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ басқа да ақылы қызметтер құнының прейскуранты жаңартылды. Журнал редакциясы жариялауға қабылдаған бір мақаланың құны 60 мың теңгені құрайды.
Сонымен қатар, журнал жүйесінде мақаланы тіркеу және беру кезінде авторлар плагиатқа тексерудің лицензиялық жүйесін сатып алуға, рецензенттердің еңбегіне ақы төлеуге және журналдардың редакциясына баспагердің шығыстарын жабу үшін 12 мың теңге жарна (мақала жариялаудың жалпы құнының 20% көлеміндегі сома) төлейді. Журнал редакциясы мақаланы қабылдамаған жағдайда, сома қайтаруға жатпайды. Мақала журналдың формальды талаптарына сәйкестігін қарау және рецензиялау нәтижелері бойынша түзетілгеннен кейін қайта жіберілген жағдайда, авторлар мақала құнының 20% -ын  қайтадан енгізуге тиіс.

Толығырақ оқу Ағымдағы жылдың 1 қаңтардан бастап «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ басқа да ақылы қызметтер құнының прейскуранты жаңартылды.

Ағымдағы шығарылым

Нөмір 153 № 4 (2025): Psychology and Cognitive Sciences
					Көрсету  Нөмір 153 № 4 (2025): Psychology and  Cognitive Sciences

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-153-4

Жарияланды: 2025-12-29

Барлық шығарылымдар

Статьи

Барлық журнал басылымдарын көрсету