Psychology and Cognitive Sciences журналының редакциясы https://psyjournal.enu.kz  сайты арқылы жіберілетін қызметтік хаттардың жеткізілуіне қатысты маңызды ақпаратқа назар аударуларыңызды сұрайды.

2026-10-12

Құрметті авторлар мен рецензенттер!

Psychology and Cognitive Sciences журналының редакциясы https://psyjournal.enu.kz  сайты арқылы жіберілетін қызметтік хаттардың жеткізілуіне қатысты маңызды ақпаратқа назар аударуларыңызды сұрайды.

mail.ru, yandex.ru, bk.ru және Mail Group компаниялар тобына кіретін басқа да пошта сервистеріндегі техникалық шектеулерге байланысты электрондық хаттарды жеткізуде жаппай іркілістер орын алуда.

 Атап айтқанда:

  • хаттар мүлдем жеткізілмейді;

  • «Спам» немесе «Жойылғандар» қалталарына түседі;

  • мақала тапсыру, рецензиялау және редакциямен хат алмасу кезеңдеріндегі коммуникация бұзылады.

Мұның негізгі себебі – журнал жұмыс істейтін Open Journal Systems (OJS) платформасынан автоматты түрде жіберілетін хабарламаларды бұғаттайтын пошта жүйелерінің қатаң сүзгілері.

Осыған байланысты төмендегілерді қатаң түрде ұсынамыз:

  1. Платформада тіркелу кезінде корпоративтік электрондық пошта мекенжайларын пайдаланыңыз (мысалы, @enu.kz, @edu.kz, @kaznu.kz және т.б.).

  2. Балама ретінде хаттарды дұрыс қабылдайтын Gmail поштасын (@gmail.com) пайдалануға болады.

  3. Мына домендермен аяқталатын электрондық пошта мекенжайлары арқылы тіркелуден аулақ болыңыз: @mail.ru, @yandex.ru, @bk.ru, @inbox.ru, @list.ru.

Егер сіз платформада аталған мәселе туындауы мүмкін электрондық пошта мекенжайымен тіркелген болсаңыз, жеке профиліңіздегі электрондық пошта мекенжайын өзгерте аласыз.

Құрметпен,
Psychology and Cognitive Sciences журналының редакциялық алқасы