Ретракция
Журнал редакциясы халықаралық жарияланым этикасының стандарттарын, атап айтқанда Committee on Publication Ethics (COPE) ұсынымдарын басшылыққа алады.
Мақаланы ретракциялау - академиялық адалдықтың елеулі бұзушылықтары анықталған жағдайларда қолданылатын ресми рәсім. Оларға мыналар жатады:
- плагиат, деректерді қолдан жасау немесе бұрмалау;
- зерттеу идеялары мен нәтижелерін адал емес жолмен иемдену;
- авторлыққа манипуляция жасау немесе авторлар туралы ақпаратты жасыру;
- адал дәйексөз беру қағидаттарын бұзу;
- өзге де этикалық тәртіпбұзушылықтар.
Осындай жағдайларда жарияланған мақала ретракцияланады:
- журналдың электрондық және баспа нұсқаларында ретракция туралы хабарлама жарияланады;
- мақаланың метадеректерінде себептері көрсетіле отырып «РЕТРАКЦИЯЛАНДЫ» деген белгі қойылады;
- мақала сенімсіз дереккөз ретінде ғылыми айналымнан шығарылады.
Автор тарапынан жариялау үшін төленген барлық төлемдер қайтарылмайды.
Ретракцияның мақсаты - ғылыми адалдықты сақтау, авторлық құқықты қорғау және ғылыми қауымдастықтың жарияланған материалдарға деген сенімін нығайту.




