Ретракция
Журнал редакциясы жариялау этикасының халықаралық стандарттарын, атап айтқанда Ғылыми жарияланымдар этикасы жөніндегі комитеттің (Committee on Publication Ethics – COPE) ұсынымдарын басшылыққа алады.
Мақаланы ретракциялау – академиялық адалдықтың елеулі бұзушылықтары анықталған жағдайда қолданылатын ресми рәсім. Мұндай бұзушылықтарға мыналар жатады:
-плагиат, деректерді фабрикациялау немесе фальсификациялау;
-ғылыми идеялар мен зерттеу нәтижелерін заңсыз иемдену;
-авторлық құраммен айла-шарғы жасау немесе авторлар туралы ақпаратты жасыру;
-адал дәйексөз келтіру қағидаттарын бұзу;
-жариялау этикасын бұзудың өзге де түрлері.
Осындай жағдайларда жарияланған мақала ретракциялауға жатады:
-Журналдың электрондық және баспа нұсқаларында ретракция туралы ресми хабарлама жарияланады;
-мақаланың метадеректерінде себептері көрсетіле отырып, «РЕТРАКЦИЯЛАНҒАН» деген белгі қойылады;
-мақала сенімсіз ғылыми дереккөз ретінде ғылыми айналымнан шығарылады.
Автор жариялау үшін төлеген барлық төлемдер қайтарылмайды.
Ретракция рәсімі ғылыми адалдықты сақтауға, авторлық құқықтарды қорғауға және ғылыми қауымдастықтың жарияланған материалдарға деген сенімін қамтамасыз етуге бағытталған.
Брокерлік немесе делдалдық қызметтерді пайдалану
Журнал брокерлік немесе делдалдық қызметтердің көмегімен жазылған, редакцияға ұсынылған немесе сүйемелденген қолжазбаларды қарауға қабылдамайды.
Жарияланымға кепілдік беретін немесе авторлар мен редакция арасындағы делдал ретінде әрекет ететін үшінші тұлғалардың қызметтерін пайдалану жариялау этикасының қағидаттарын бұзу болып саналады және мақаланы жариялаудан бас тартуға немесе жарияланған мақаланы ретракциялауға әкеп соғуы мүмкін.






