Шетел зерттеулеріндегі қаржылық сауаттылықтың психологиялық аспектілері мен механизмдеріне теориялық талдау

Авторлар

  • Ж.Н. Ибраимова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0001-5780-3459
  • Б.Ш. Байжуманова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0003-0767-414X

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-153-4-128-143

Кілт сөздер:

қаржылық сауаттылық, психологиялық зерттеулер, қаржылық мінез-құлық, қаржылық білім, когнитивті қабілет, мазасыздық, өзіндік тиімділік.

Аңдатпа

Соңғы жылдары психологиялық ғылымдар аясында тұлғаның қаржылық сауаттылығын зерттеу маңызды болып отыр. Оған себеп қаржылық шешімдер көбінесе адамның мінез-құлқына, эмоциялық тұрақтылығына және когнитивті ерекшеліктеріне байланысты қабылданады. Тұлғаның қаржылық мінез-құлықтық әрекеттеріне оны тек қаржылық білімі мен дағдысы ғана әсер етіп қоймайды, оның мотивациялық сферасы да, сенімдер жүйесі де едәуір ықпал етеді.

Мақалада шетел зерттеулеріндегі қаржылық сауаттылықтың психологиялық аспектілері мен механизмдері теориялық талданады. Алдымен қаржылық сауаттылықтың психология ғылымындағы маңызы мен өзектілігі айқындалады. Оған қоса, психологиялық зерттеулер негізінде «қаржылық сауаттылық» ұғымына сипаттама беріледі. Мақаланың өзіндік ерекшелігі қаржылық сауаттылықтың психологиялық детерминанттарын дәйектейтін ғылыми басылымдардағы еңбектерді зерделей отырып, жүйелі шолу жасалады. Және осы факторлар негізінде қаржылық сауаттылықтың психологиялық механизмдері мен аспектілері айқындалады. Prisma әдістемелік процедурасы негізінде библиографиялық аналитикалық мәліметтерге жүйелі шолу арқылы зерттеулерге сапалық талдау жүргізіледі. Халықаралық деректер қоры Scopus, Web of Science (WoS) және Google Scholar базасы бойынша соңғы зерттеулердің статистикалық мәліметтері келтіріледі. 

PRISMA критерийлері негізінде қаржылық сауаттылық мазмұнына жүйелі шолу негізінде оның психологиялық факторлары мен механизмдері кесте арқылы айқындалады. Қаржылық сауаттылыққа әсер ететін сыртқы (экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, мәдени) және ішкі (психологиялық) факторлар жүйеленеді. Шетелдегі психологиялық зерттеулердің көпшілігінде қаржылық сауаттылықтың психологиялық предикторлары ретінде өзіндік тиімділік және мазасыздық айнымалылар көрсетіледі. Зерттеу мәліметтері бойынша тұлғаның когнитивтілік қабілеттілігі қаржылық сауаттылық деңгейіне тікелей әсер ететін фактор ретінде айқындалады. Қартайған кездегі өмірге қатысты мазасыздық та қаржылық сауаттылықтың психологиялық аспектісі ретінде зерттелінген деректер сипатталады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шетел зерттеулеріндегі қаржылық сауаттылықтың психологиялық аспектілері мен механизмдеріне теориялық талдау. (2025). Psychology and Cognitive Sciences , 153(4), 128-143. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-153-4-128-143

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 43

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.