Цифрлық әлеуметтену жағдайындағы қазіргі психологтың цифрлық құзыреттілігінің құрылымы мен элементтері туралы мәселесі
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-150-1-104-120Кілт сөздер:
психологтың цифрлық құзыреттілігі; негізгі цифрлық құзыреттілік; психологтың жеке құзыреттілігі; кәсіби құзыреттілік; цифрлық мәдениет.Аңдатпа
Мақалада қазіргі заманғы ұрпақ өмірінің барлық аспектілерін цифрландыру мәселесі өзекті болып табылады. Осыған байланысты цифрлық әлеуметтену жағдайында тұлғаның қалыптасуы мен дамуының жаңа проблемалары қазіргі психологтардан цифрлық құзыреттіліктің болуын талап етеді. Психологтың цифрлық құзыреттілігі нәтижелі психологиялық қызмет үшін кәсіби маңызды болып табылатын күрделі, көп өлшемді құрылым ретінде қарастырылады. Қазіргі психологтың цифрлық құзыреттілігін түсінудің әртүрлі тұғырылары талданды, соның ішінде Еуропалық Одақ моделі, шетелдік және отандық ғалымдардың: C.M. Weisenmuller, J.L. Luzier, P.A. Alexander, K. Subrahmanyam, B. Renukarya, P. Misha, M.J. Koehler, C. Greenhow, Г.У. Солдатова, Е.И. Рассказова, О.В. Дудина, Н.В. Богданович, В.В. Делибалт, А.С. Иргалиев, Г.К. Шолпанқұлова, М. Ермекова сияқты еңбектері талданды. Ғылыми-әдістемелік талдаудың қорытындысы бойынша авторлар негізгі цифрлық құзыреттердің, жеке құзыреттердің, кәсіби құзыреттердің және цифрлық мәдениет негіздерінің жиынтығы ретінде қарастырылатын психологтың цифрлық құзыреттілігі ұғымының авторлық анықтамасын ұсынды. Психологтың цифрлық құзыреттілігінің құрылымында негізгі цифрлық құзыреттілік (цифрлық сауаттылық, цифрлық коммуникациялар, цифрлық қауіпсіздік, цифрлық тұтыну), психологтың жеке құзыреттілігі (нәтижеге назар аудару, клиентке бағдарлану, коммуникативтілік, эмоционалдық интеллект, креативтілік, сыни көзқарас), кәсіби құзыреттілік (цифрлық дамуды басқару, ұйымдық мәдениетті дамыту, цифрлық технологияларды қолдану) және цифрлық мәдениет (цифрлық ойлау, цифрлық аффилиирлеу, цифрлық икемділік және цифрлық тәжірибе) элементті анықталып, сипатталады.