Жетім балалардың әлеуметтік құзыретін қалыптастыру туралы
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-150-1-89-103Кілт сөздер:
қалыптастыру, әлеуметтендіру, балалар үйі, жетім балалар, үлгі, әлеуметтік құзырет.Аңдатпа
Мақалада жетім балалардың әлеуметтік құзыретін қалыптастыру үдерісі негізделген. «Жетім балалардың әлеуметтік құзыреті» ұғымының мәні нақтыланған. Кәсіби ниеттерге – жетім балалардың белгілі бір кәсіби қызметке саналы қатынасы, таңдаған мамандық бойынша білім алуға ұмтылысы сияқты жетім балалардың әлеуметтік құзыретін қалыптастыруды критерийлік бағалау анықталды. Кәсіби ниетке жетім балалардың шешім қабылдауы; тұрмыстық мәдениет – жетім балалардың күнделікті тіршіліктегі қатынастары, гигиена, тұтыну мәдениеті, сыртқы түр эстетикасы, киім, тұрғынжай және интерьер заттары, үйдегі тұрмыс еңбегімен айналысуға деген ықыласы, жетім балалардың тұрмыстық іс-әрекетті сыни бағалай және бақылай білуі; қатысымдық мәдениеті – бұл жетім балаларды өзара әрекетке және қоғамда қарым-қатынасты оятатын тұлғалық және әлеуметтік құндылықтардың бірлігі; салауатты өмір сүру салты мәдениеті – бұл жетім балалардың денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған саналы түрде қалыптасқан әдеттерінің жиынтығы кіреді. Оларды диагностикалаудың әдістері әзірленді. Балалар үйінің педагогикалық практикасына жетім балалардың әлеуметтік құзыретін қалыптастыру үлгісі әзірленді және енгізілді, оған мақсатты, мазмұнды, нәтижелі компоненттері кірді; Жетім балалардың әлеуметтік құзыретін қалыптастыру үлгісі негізінде жетім балаларды әлеуметтендіру бойынша «Жетім балалардың әлеуметтік құзыретін қалыптастыру» бағдарламасы құрылды. Балалар үйінде жетім балаларды әлеуметтендірудің ерекшеліктерін зерттеу үдерісінде әзірлеген жетім балалардың әлеуметтік құзыретін қалыптастыру үлгісінің тиімділігі дәлелденді. Зерттеу нәтижелерін балалар үйлерінде жетім балаларды әлеуметтендіру үдерісінде практикалық түрде пайдалануға ұсынылады.