Виртуалды шындықта жетім балалардың әлеуметтенуінің негізгі үрдістері мен тәуекелдері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-151-2-97-110

Кілт сөздер:

үрдістер, тәуекелдер, әлеуметтендіру, жетім балалар, виртуалды шындық, виртуалды әлеуметтену, гемблинг.

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – виртуалды шындықта жетім балалардың әлеуметтенуінің негізгі үрдістері мен тәуекелдерін негіздеу. Теориялық талдау үрдісінде виртуалды желі кеңістігі танымалдылығының артуының желіде әлеуметтік қызметтің жаңа түрлерінің және жеке тұлғалардың әлеуметтік өзара әрекеттестігі нысандарының туындауымен өзара байланысы ашылады ал бұл ойдан шығарылған кеңістік тұлғаның әлеуметтенуінің өзекті жаңа ортасына айналғанын растайды.

Әлеуметтенудің теориялық ережелерін талдау негізінде авторлар «Виртуалды шындықта жетім балаларды әлеуметтендіру» түсінігінің маңызын нақтылады. Бұл теориялық тәсіл мақаланың авторларына жетім балаларды әлеуметтендірудің қарқынды жаңа ортасы үрдісін виртуалды әлеуметтендіру ретінде негіздеуге мүмкіндік берді. Мақалада виртуалды әлеуметтену тұлғасы дамып жатқан жетім балалардың қоғам әрекетіне немесе әрекетсіздігіне немесе әлеуметтік өзін-өзі таныту тегігі арқылы әлеуметтік қылыққа қатысты өзінің әлеуметтік белсенділігін көрсетуге жағдай жасайтыны туралы ереже негізін тапқан. Бұл виртуалды тетік нақты әлеуметтік кеңістікте де бар. Бірақ, виртуалды әлеуметтенуде желі жағдайларында доминантты белсенділік басым болады және жетекші орынға шығады.

Мақаланың авторлары виртуалды әлеуметтену жағдайларында бұл тетік жетім балалардың виртуалды тұлғасын және оның желілік әлеуметтік кеңістігін құрылымдаудың базасы, сондай-ақ, нақты әлеуметтік кеңістікте жетім балалардың әлеуметтік тәжірибесін кеңейтудің үдерісінің негізі болады деп есептейді.

Теориялық зерттеудің нәтижелерін білім беру мекемелерінде, жетім балаларды балалар үйлерінде әлеуметтендіру мәселелерін шешу үдерісінде практикалық түрде пайдалануға ұсынылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-28

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Виртуалды шындықта жетім балалардың әлеуметтенуінің негізгі үрдістері мен тәуекелдері. (2025). Psychology and Cognitive Sciences , 151(2), 97-110. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-151-2-97-110

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.