Өзгермелі әлемдегі жасөспірімдер мен ата-аналарқарым-қатынасының ерекшеліктері

Авторлар

  • Ж.Е. Кожабекова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0004-4042-6265
  • Ж.Т. Уталиева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-0477-5490

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-151-2-111-127

Кілт сөздер:

балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы; жасөспірімдер; психикалық денсаулық; қақтығыстар; депрессия; проблемалық мінез-құлық.

Аңдатпа

Біз қазір өміріміздің барлық саласында дамып жатқан цифрландыру мен ақпараттандыру дәуірінде өмір сүрудеміз. Цифрлық дәуірдің әлеуеті біздің өмір сүру, жұмыс істеу және бір-бірімізбен қарым-қатынас жасау тәсілін өзгертеді, осылайша өмірдің өзін өзгертуде. Бұл отбасылық қатынастарға да осындай әсер етеді. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселесі тұлғаның дамуын зерттеу саласында үнемі маңызды болып қала береді және қазіргі тез өзгеретін әлем жағдайында оның маңыздылығы тек артып келеді.

Бұл мақалада жасөспірімдер мен олардың ата-аналары арасындағы қарым-қатынас мәселесіне арналған соңғы онжылдықтағы ғылыми зерттеулердің талдауы мен синтезін қамтитын конструктивистік әдісті қолдану арқылы жүзеге асырылған теориялық шолу ұсынылған.

Мақала жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың өзгеруіне және осы қарым-қатынас сапасының жасөспірімдердің психикалық денсаулығының дамуына ықпалетуіне арналған. Мақалада жасөспірім мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың ықпалы контекстінде жасөспірімдердің деликвентті мінез-құлық, ата-аналармен қақтығыс жағдайлары, депрессия, нашақорлық және т.б. сияқты проблемалары бойынша ағымдағы зерттеулер қарастырылады.

Мақалада сонымен қатар жасөспірімдер мен ата-аналар үйде оқшаулануға мәжбүр болған 2019 жылғы пандемия кезіндегі ата-ана мен бала қарым-қатынасы туралы зерттеулер берілген. Бұл кезең жасөспірім тұлғасының үйлесімді дамуы үшін отбасындағы эмоционалдық қолдау мен ашық қарым-қатынастың маңыздылығын ашты.

Metrics

Metrics Loading ...

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-28

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Өзгермелі әлемдегі жасөспірімдер мен ата-аналарқарым-қатынасының ерекшеліктері. (2025). Psychology and Cognitive Sciences , 151(2), 111-127. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-151-2-111-127

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 20

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.