Бектің суицидтік идеация шкаласы: қазақ тіліндегі нұсқасының лингвистикалық  бейімделуі және психометриялық валидизациясы

Авторлар

  • А.С. Мамбеталина Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0003-4158-8368
  • Л. М. Жамалиева Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Ақтөбе, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0003-3625-3651
  • А.Т. Сисенова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0003-3351-1248

Кілт сөздер:

суицидтік идеация, Бектің суицидтік идеация шкаласы, лингвистикалық бейімдеу, психометриялық валидизация, BSSI-дің қазақша нұсқасы, суицидтік қауіп, студенттік іріктеме.

Аңдатпа

Зерттеудің өзектілігі қазақ тілінде суицидтік идеацияны бағалауға арналған валидтелген психометриялық құралдардың тапшылығымен айқындалады, бұл оны ұлттық контексте ғылыми зерттеу мен практикалық диагностика жүргізу мүмкіндіктерін айтарлықтай шектейді. Зерттеудің мақсаты — Бектің суицидтік идеация шкаласының (Beck Scale for Suicide Ideation, BSSI) қазақ тіліндегі нұсқасын лингвистикалық бейімдеу және бастапқы психометриялық валидизациялау.

Зерттеуге жасы 18–21 аралығындағы жоғары оқу орындарының 150 студенті қатысты. Құралды бейімдеу психодиагностикалық әдістемелерді мәдениетаралық бейімдеу жөніндегі халықаралық ұсынымдарға сәйкес жүргізілді және тікелей және кері аударма, сараптамалық бағалау және пилоттық апробация рәсімдерін қамтыды. Шкаланың сенімділігі ішкі келісімділік коэффициенті Кронбах α және тест-ретест сенімділігі көрсеткіштері арқылы бағаланды. Конструкттық валидтілік басты компоненттер әдісі арқылы талданды.

Зерттеу нәтижелері шкаланың ішкі келісімділігінің жоғары деңгейін (α=0,89) және қайта тестілеу кезіндегі көрсеткіштердің тұрақтылығын (r=0,87) көрсетті. Факторлық талдау құралдың бірфакторлы құрылымын анықтады, ол жалпы дисперсияның 41,5%-ын түсіндіреді және шкаланың барлық тармақтарының жоғары факторлық жүктемелерімен сипатталады.

Алынған эмпирикалық деректер BSSI-дің қазақ тіліндегі нұсқасын ғылыми зерттеулер мен психологиялық диагностика тәжірибесінде қолдануға жарамды, сенімді әрі психометриялық тұрғыдан негізделген құрал ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бектің суицидтік идеация шкаласы: қазақ тіліндегі нұсқасының лингвистикалық  бейімделуі және психометриялық валидизациясы. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 154(1), 245-260. https://psyjournal.enu.kz/index.php/pcs-journal/article/view/124

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 31

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.