Қазақ жастары арасындағы діни конверсия  феномені және оған әсер еткен негізгі психо-әлеуметтік факторлар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-151-2-84-96

Кілт сөздер:

Қазақ қоғамы, діни конверсия, қазақ жастары, психо-әлеуметтік фактор, дін психологиясы, діни өзгеріс, депрессия.

Аңдатпа

Дін феномені қай кезеңде болмасын өз әсерін қоғамға тигізіп келеді. Дін кейбір адамдардың өмірінде маңызды элементтердің бірі болып есептеледі. Сол себепті қоғамда дінге қатысты мәселелер жиі кездеседі. Әсіресе өзекті болып отырған сол мәселелердің бірі діни конверсия тақырыбы. Діни конверсия жасаушылардың арасында жастардың үлесі өте жоғары. Жастардың жүріс-тұрысының, діни түсінігінің, өмірге деген көзқарастарының өзгеруі дінтану, психология және әлеуметтану сынды ғылым салаларының ғалымдарын қызықтырып отырған тақырыптарының бірі. Бұл мақалада діни конверсия ұғымына анықтама беріліп, қазақ жастарының діни конверсия жасауына әсер ететін негізгі психо-әлеуметтік факторлар зерттеледі. Алғаш болып зерттеу жасаған психологтардың көзқарастары да қарастырылады. Діни конверсияның қазіргі кездегі көріністері мен бұл тақырыпта жасалған зерттеулер талданады. Діни конверсияның феноменінің қазіргі қоғамда көбею себептері көрсетіліп, қазақ қоғамындағы және басқа мемлекеттердегі діни конверсия феномендері салыстырылып талданады. Яғни шетел әдебиеттеріндегі зерттеулерімен қоса, еліміздегі діни конверсия көріністері де қарастырылып, осы тақырыпқа қатысты теориялар да сараланады. Сонымен қатар зерттеуде сұхбат әдісі арқылы христиан дінін қабылдаған 25 респонденттің конверсия жасау тәжірибесі көрсетіліп, талданады.

Metrics

Metrics Loading ...

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-28

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қазақ жастары арасындағы діни конверсия  феномені және оған әсер еткен негізгі психо-әлеуметтік факторлар. (2025). Psychology and Cognitive Sciences , 151(2), 84-96. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-151-2-84-96

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 17

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.