Кәсіби өзін-өзі жүзеге асырудағы коучинг тәсілінің тиімділігі
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-151-2-70-83Кілт сөздер:
коучинг, тұлғалық даму, тұлғалық өсу, тиімділік, кәсіби даму, кәсіби өсуАңдатпа
Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының түлектері мен жас мамандардың кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады, оны тек психология ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік ғылымдардың басқа бағыттарыда қарастырады, дегенмен осы тақырып өзекті, әліде зерттелуді қажет етеді.
Бұл мақалада онлайн және офлайн форматтарда жеке тұлғаның кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруы үшін коучинг тәсілінің жұмыс мүмкіндіктері қарастырылған. Зерттеуге қатысушылардың коучинг тәсілі, оның әсері, жұмыс мүмкіндіктері, оны кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруда қолдану және түлектер мен жас мамандардың кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруындағы күрделі аспектілерді анықтау мақсатында «тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы туралы пайымдаулар» тесті туралы хабардар болу бойынша сауалнамадан өту процесінде алынып, ұсынылған деректер.
Сонымен қатар, онлайн және офлайн форматта, жоғары оқу орындарының түлектері мен жас мамандарға арналған әзірленген платформа негізінде жеке тұлғаның күшті және әлсіз мүмкіндіктерін мақсат қою және талдау дағдыларын дамытатын базалық коучинг әдістері жүргізілді. Жұмыс барысында «Өмірлік тепе-теңдік дөңгелегі» және «GROW» сияқты кәсіби мақсаттар мен өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерімен жұмыс істеу коучинг тәсілінің жетекші сұрақтары мен «негізгі» әдістерінің көмегімен олардың жеке мүмкіндіктерін түсінуді дамытуға, кәсіби мақсаттар қоюға, жұмыстың бастапқы кезеңінде мақсаттарды іске асыруға көмектесетіні анықталды. Сол сияқты бұл кәсіби қызметке жеке қызығушылықты арттырады және кәсіби өсу мен даму үшін жеке және кәсіби қасиеттерді маман ретінде жүзеге асырудағы және дамытудағы нақты іс-әрекеттер туралы түсінік береді.




