Студенттердің академиялық табыстылығына әсер ететін тұлғалық факторларды зерттеу

Авторлар

  • Б.Е. Сабырбай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана Автор https://orcid.org/0009-0001-2421-9547
  • Г.К. Айкинбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана Автор https://orcid.org/0000-0002-2954-6504
  • З.Б. Кабылбекова Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақстан, Шымкент Автор https://orcid.org/0000-0002-0046-9541

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-151-2-158-174

Кілт сөздер:

студенттер, жастар, академиялық табыстылық, өзін-өзі реттеу стилі, оқу іс-әрекет мотивациясы, академиялық үлгерім, жетістікке жету, эмоциялық тұрақтылық, эмоциялық интеллект, тұлғалық факторлар.

Аңдатпа

Мақалада жоғары оқу орындарының (ЖОО) студенттерінің академиялық табыстылығына әсер ететін тұлғалық факторлар теориялық және эксперименттік тұрғыда зерттелінді. Соңғы жылдардағы Қазақстан, Ресей және шетел зерттеулеріндегі оқу іс-әрекетінің табысты болуын болжайтын өзін-өзі реттеу, оқу іс-әрекетінің мотивациясы, эмоциялық тұрақтылық, эмоциялық  интеллект,  тұлғалық көріністердің психологиялық аспектілерін негізге ала отырып, мақалада академиялық табыстылығының тұлғалық факторы зерттелінді.

Студенттердің оқудағы табыстылығы оның кәсіби және мансаптық дамуына әсері, өмірлік күрделі жағдаяттарда оңтайлы шешім қабылдауына ықпал ететін маңызды жаңа зерттеулермен сабақтастырылған. Студенттердің ЖОО оқу үдерісінде оқу жетістіктеріне әсер ететін факторларды айқындай отырып, оқу жүйесін жетілдіру мүмкіндігі ашылды. Сондықтан студенттердің оқу іс-әрекетінің табысты болуы тұлғалық қасиеттердің психологиялық механизмі арқылы айқындалуы өзекті болып табылады.

Зерттеу мақсатына орай, эксперименттік жұмыс барысында «Оқу іс-әрекетін өзіндік реттеу стилі – ССУД-М-2013» әдістемесін, А.А.Реан және В.А.Якуниннің оқу іс-әрекет мотивациясы және бес факторлы тұлғалық сауалнамасын (5 PFQ) қолдана отырып, студенттердегі оқу іс-әрекет мотивациясы мен өзін-өзі реттеу стильдерінің және тұлғалық факторларының өзара байланысын Пирсонның корреляциялық коэффициенті негізінде тұжырымдалды.

Университеттің академиялық тұрғыда үздік деген студенттерінің оқу іс-әрекетіндегі жетістікке жету предикторлары ретінде өзін-өзі бақылау, эмоциялық тұрақтылық, эмоциялық интеллект, экстроверсия, экспрессивтілік (жаңа білімге талпынушылық) және көпшіл (бауырбасушылық) сынды тұлғалық қасиеттерінің байланыстылығы пайымдалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Metrics

Metrics Loading ...

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-28

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Студенттердің академиялық табыстылығына әсер ететін тұлғалық факторларды зерттеу. (2025). Psychology and Cognitive Sciences , 151(2), 158-174. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-151-2-158-174

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 19

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.