Студенттердің академиялық жетістігі және self-management: эмпирикалық талдау
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-152-3-182-192Кілт сөздер:
self-management, академиялық жетістіктер, өзін-өзі басқару, мотивация, өзін-өзі бақылау, студенттер, эмпирикалық зерттеуАңдатпа
Бұл мақалада студенттердің академиялық жетістіктері мен self-management деңгейі арасындағы байланыс зерттеледі. Қазіргі жоғары білім жүйесінде оқу процесін тиімді басқару академиялық табысқа жетудің маңызды факторы болып саналады. Зерттеу мақсаты – self-management-тің компоненттерінің студенттердің үлгеріміне әсерін анықтау.
Зерттеуге әртүрлі ЖОО студенттері қатысып, сандық және сапалық әдістер қолданылды. Статистикалық талдау self-management деңгейі жоғары студенттердің үлгерімі де жоғары болатынын көрсетті. Сапалық әдістер арқылы оқу нәтижесіне әсер ететін негізгі психологиялық факторлар айқындалды.
Нәтижелер бойынша мақсат қою, уақытты басқару, мотивацияны сақтау және өзін-өзі реттеу дағдылары студенттердің жетістігіне оң әсер етеді. Бұл дағдылардың жетіспеуі оқу үлгерімін төмендететіні де анықталды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы – білім беру бағдарламаларын жетілдіру, студенттердің self-management қабілеттерін дамытуға арналған курстар мен әдістемелер әзірлеу қажеттілігін негіздеу. Осы бағытта жүргізілген жұмыстар болашақ кәсіби табысқа да ықпал ете алады.




