Гэмблингке тәуелді жетім студенттердің психологиялық сипаттамалары
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-155-2-121-134Кілт сөздер:
психологиялық ерекшеліктер, жетім студенттер, тәуелділік, гэмблинг, ойын, тұлға, әлеуметтік бейімделу.Аңдатпа
Бұл мақалада гэмблингке шамадан тыс әуестенетін тұлғаларда ойынға тәуелділіктің дамумәселесі негізделген. Гэмблингке шамадан тыс тартылу мұндай тұлғаның санасыныңдеструктивті дамуына әкеледі. Қазіргі психологиялық зерттеулерде құмар ойындар мәселесінеерекше мән беріледі, себебі құмар ойындардың адам психикасына, санасына және тұлғасынатеріс әсері кеңінен мойындалған.
Мақалада гэмблингке тәуелді жетім студенттердің тұлғалық психологиялық ерекшеліктерізерттеледі. Жетім студенттер әлеуметтік және психологиялық мәселелердің болуына, сондай-ақжеткілікті әлеуметтік тәжірибенің жоқтығына байланысты әлеуметтік теріс әсерлерге ең осалкатегориялардың бірі болып табылады.
Зерттеу мақсаты – гэмблингке тәуелді жетім студенттердің тұлғалық психологиялықерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ ойынға тәуелділіктің алдын алу, психологиялық түзету жәнеоны жеңу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – жұмыста гэмблингке тәуелді жетім студенттердіңтұлғалық психологиялық ерекшеліктері анықталып, сипатталды. Жетім студенттерде ойынғатәуелділіктің пайда болуы мен дамуының мінез-құлықтық және әлеуметтік негіздері ашыпкөрсетілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы – алынған нәтижелер негізінде ойынға тәуелділіккебейім жетім студенттермен профилактикалық жұмыс жүргізуге арналған практикалық ұсыныстарәзірленді.
Зерттеудің жаңашылдығы – жастардың құмар ойындарға тартылу феноменологиясынапсихологиялық талдау жүргізіліп, бұл үдерістің әртүрлі ойынға тәуелділік формалары менкүйлерінің қалыптасуына әсері қарастырылды.
Зерттеу әдістері: «Тәуелділік тесті» (М. Мурто, И. Нимел); өзін-өзі актуализациялаусауалнамасы (А. Маслоу); бейімделген мінездемелік сауалнама (К. Леонгард – Г. Шмишек); жағдаяттық және тұлғалық мазасыздық шкаласы (Ч. Д. Спилбергер – Ю. Л. Ханин).
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: - эксперименттік жолмен гэмблингке бейім жетімстуденттердің әлеуметтік детерминанттары мен психологиялық ерекшеліктері анықталып, сипатталды; - жетім студенттердің ойынға бағыттылығының объективті және субъективтідетерминанттар арақатынасы арқылы өзара байланысы ашылды; - ойынға тәуелді және тәуелдіемес тұлғаларға тән темперамент типтері жағдаяттық және тұлғалық мазасыздық көріністеріменбайланыста анықталды.
Зерттеу нәтижелері білім беру мекемелерінде және балалар үйлерінде жетім балалардыәлеуметтендіру үдерісінде практикалық қолдануға ұсынылады.






