К.Риффтің психологиялық әл-ауқат шәкілі негізінде студенттердің тұлғалық өсу деңгейлерін бағалау мен өзін-өзі қабылдауы арасындағы байланысты зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-150-1-121-136

Кілт сөздер:

психологиялық әл-ауқат, студенттер, бақыт, тұлғалық өсу, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі қабылдау, өзара байланыс, зерттеу, Рифф шәкілі.

Аңдатпа

Мақалада К.Риффтің психологиялық әл-ауқат шәкілі негізінде студенттердің тұлғалық өсу деңгейлерін бағалау мен өзін-өзі қабылдау шәкілі арасындағы байланысты зерттеу нәтижелері туралы қарастырылған. Ғылыми әдебиеттерде психологиялық әл-ауқатты зерттеу барысында  әрбір зерттеуші әдетте бұрыннан бар тәсілдердің біріне сүйенеді немесе бұрынғы ғалымдардың тәжірибесін жинақтай отырып, осы құбылысқа жаңа авторлық көзқарасты синтездеуге тырысады. Бірақ соған қарамастан, ғылымда әлі күнге дейін бұл құбылыстың бір мәнді анықтамасы және оның құрылымы туралы біртұтас көзқарас жоқ. Тіпті әл-ауқаттың жоғары деңгейіне қалай жетуге болады деген сұрақ әлі де дау туғызады. К.Рифф 2014 жылы психологиялық әл-ауқатқа байланысты соңғы 25 жылдағы зерттеулерге шолуында атап өткендей, бұл құбылыстың адам өмірінің көптеген аспектілеріне байланысы мен әсері қазірдің өзінде зерттелген, бірақ әлі де көптеген сұрақтар жауапсыз қалды. Сондықтан ол осы бағыттағы зерттеулерді алдағы 25 жылға лайықты мақсат деп атап кеткен болатын. Осының барлығы ересек жаста психологиялық әл-ауқатты сәтті арттыруға және сақтауға көмектесетін тетіктерді де, психологиялық әл-ауқаттың өзін де тұлғалық дамудың ресурсы ретінде ғылыми зерттеуді қажет етеді.

Осыған байланысты, біздің зерттеу жұмысымызда психологиялық әл-ауқат шәкілі студенттердің тұлғалық өсу деңгейлерін бағалау мен өзін-өзі қабылдауы арасында қандай өзара байланыс бар екендігін дәлелдеу барысымыз баяндалады. 

Сонымен қатар, мақалада психологиялық әл-ауқатты  түсінудің әртүрлі тәсілдерінің ішінде: гедонистік және эвдемонистік көзқарастар да қарастырылған.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-28

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

К.Риффтің психологиялық әл-ауқат шәкілі негізінде студенттердің тұлғалық өсу деңгейлерін бағалау мен өзін-өзі қабылдауы арасындағы байланысты зерттеу. (2025). Psychology and Cognitive Sciences , 150(1), 121-136. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-150-1-121-136

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.