Тұлғаның өмірлік стратегиясының құрылымдық ұйымдасуы: көпдеңгейлі жүйе жөніндегі жаңа эмпирикалық деректер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-156-3-151-167

Кілт сөздер:

тұлға, өмірлік стратегия, диспозициялар, өмірдің мағыналылығы, саналы қатысу, субъектілік, деңгейлік модель.

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты – диспозициялық, мән-мағыналық және онтологиялық сипаттамаларды талдау негізінде тұлғаның өмірлік стратегиясының деңгейлік құрылымын эмпирикалық айқындау. Зерттеуде BFI‑2 әдістемесі, өмірлік мән-мағыналық бағдар тесті және саналы қатысу шкалалары қолданылды. Деректерді статистикалық өңдеу иерархиялық кластерлеу әдісі арқылы жүргізіліп, көрсеткіштер топтарының өзара бірігу құрылымын айқындауға және олардың тұлғаның өмірлік стратегиясының құрамдас деңгейлеріне топтасу ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Талдау нәтижелері өмірлік стратегияның теориялық тұрғыдан болжанған деңгейлеріне сәйкес келетін үш тұрақты кластердің қалыптасқанын көрсетті. Диспозициялық‑реттеуші деңгейге тұлғалық қасиеттер мен бақылау локусы - Мен; мән-мағыналық деңгейге өмірлік мақсаттар, өмір процесін бағалау, бақылау локусы - Өмір және автоматизмнен арылу; онтологиялық деңгейге зейіннің бөлінуі көрсеткіштері кіреді. Қосымша анықталған деңгейлік құрылым көрсеткіштердің түрлі өмірлік мінез-құлық қырларын бейнелейтін үйлесімді бірігуін танытып, модельді өзара байланысқан сипаттамалардың тұтас жүйесі ретінде интерпретациялауға мүмкіндік береді. Өмір нәтижелілігінің бөлініп алынған көрсеткіші барлық деңгейлердің үйлесімді жұмысын бейнелейтін интегративті компонент ретінде айқындалды. Алынған деректер тұлғаның өмірлік стратегиясының құрылымын нақтылап, оның көпдеңгейлі ұйымдастырылуын эмпирикалық түрде растайды. Зерттеудің практикалық маңыздылығы нәтижелерді тұлғаның субъектілігі мен саналы өмірлік жолын дамытуға бағытталған диагностикалық құралдар мен психологиялық сүйемелдеу бағдарламаларын әзірлеуде қолдану мүмкіндігімен айқындалады.
Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 1

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-18

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тұлғаның өмірлік стратегиясының құрылымдық ұйымдасуы: көпдеңгейлі жүйе жөніндегі жаңа эмпирикалық деректер. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 156(3), 151-167. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-156-3-151-167

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 32

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.