Сыни ойлауының психологиялық ерекшеліктері арқылы  жеткіншектердің эмоциялық интеллект деңгейін өлшеу құралдары

Авторлар

  • Ж.М. Молбасынова әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-3170-6220
  • Н.К. Токсанбаева әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-7026-7902
  • А.Т. Мамекова І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0001-5772-5588
  • С.С. Онгарбаева І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған, Қазақстан Автор

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-150-1-34-48

Кілт сөздер:

сыни ойлау, эмоциялық интеллект, жеткіншектер, диагностикалық иснтрументтер, сыни ойлаудың психикалық құрылымы, жаңа білімдер сабақтастығы, эмоциялық интеллект деңгейінің даму үдерісі, сенімді дәлелдер.

Аңдатпа

Мақалада білім оқыту үдерісінде жеткіншектердің өзін-өзі дамыту дағдылары қалыптасқан  еңбек нарығындағы  «Сұранысқа ие 10-дағдының» бірі  сыни ойлауының психологиялық ерекшеліктері арқылы олардың эмоциялық интеллект деңгейлерін өлшеу құраладырының теориялық-әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік негіздерін зерделеу мәселесі қарастырылған. Осы мақсатты көздей отырып, аталған проблеманың  философиялық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік еңбектерге   шолу жасау нәтижесінде  теориялық-әдіснамалық тұжырымдамаларда сыни ойлау жеткіншектердің эмоциялық интеллект даму деңгейінің құралы екендігін нақтылай түсті.

Зерттеу барысында сыни ойлаудың психологиялық құрылымы ұсынылып, эмоциялық интеллектінің даму деңгейінің үдерісінде алға қойылған мақсатқа жетудегі сенімді дәлелдерді келтіру негізінде жаңа идеялар қатары жасақталды.  

Жеткіншектердің  сыни ойлаудының психологиялық ерекшеліктері арқылы эмоциялық интеллектісінің өлшеу  инструменттерін қолдануда ө диагностикалау әдістері іріктелініп, оған сипаттама берілді.

Зерттеу барысында жүргізілген тәжірибелік-эксперимент барысында қолданылған  Н. Холлдың эмоциналды интеллект деңгейін анықтау әдістемесі, ЭмИн (Люсин) эмоциялық интеллект сауалнамасы, А.Меграбян мен Н.Эпштейннің «эмоционалды жауап шкаласы» әдістемесі мен Дж.Барреттің «сыни талдау»әдістемесі арқылы деңгейлері анықталды.  

Тәжірибелік эксперимент жұмысының нәтижесінде: жеткіншек  табысты білім алуға деген  ұмтылысы жоғарылап, оқу-тәрбие ортасында сыни тұрғыдан ойлау әрекетін жетілдіруге ұмтылысы артып,   өз  эмоциясын реттеуге қолданылған диагностикалық инструменттер оңтайлы шешім қабылдауға және сыни ойлаудың  психикалық құрылымы мен ұсынылған үдерісі  бағыт-бағдар алатынын дәлелдей түсті.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-28

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сыни ойлауының психологиялық ерекшеліктері арқылы  жеткіншектердің эмоциялық интеллект деңгейін өлшеу құралдары. (2025). Psychology and Cognitive Sciences , 150(1), 34-48. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-150-1-34-48

Ұқсас мақалалар

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.