Майндфулнес-интервенциялардың стресс, мазасыздық және депрессия белгілерін төмендетудегі тиімділігі туралы эксперименттік зерттеулер: жүйелі шолу

Авторлар

  • А.С. Мамбеталина Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0003-4158-8368
  • Л.М. Гитихмаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0001-8093-6113
  • Ж.К. Аубакирова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-4868-7118
  • Ж. Әбішев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0005-2752-1281
  • С.В. Карагулакова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0000-7885-9833

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-152-3-39-52

Кілт сөздер:

майндфулнес, саналық, медитация, стресс, мазасыздық, депрессия, өмірге қанағаттану, интервенциялар, MBSR.

Аңдатпа

  Саналыққа негізделген өзекті эксперименттік зерттеулердің жүйелі шолуы халықтың әртүрлі топтарында стресс, мазасыздық және депрессия симптомдарын төмендетудегі майндфулнес-интервенциялардың тиімділігін талдауға бағытталған. 2020–2025 жылдары Бразилия, Перу, Иран, АҚШ, Австралия, Қазақстан, Қытай және Ресейде жарияланған 10 зерттеуді (S. Bai, S. Elavsky, M. Kishida, G. G. Gallo, D. F. Curado, M. P. Machado, Н. Полывянная, Н. Ахтаева, H. Franco, P. A. Alvarado-García, M. R. Soto-Vásquez, G. F. M. Infantes, Е. Н. Осин, И. И. Турилина және т.б.) талдау негізінде майндфулнес практикалары қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайына оң әсер ететіні анықталды. Шолуда әсер ету тетіктері, интервенциялардың түрлері (MBSR, MBCT және олардың модификациялары), эксперименттік зерттеу әдістері, іріктемені қалыптастыру критерийлері және қолданыстағы зерттеулердің шектеулері қарастырылады. Барлық зерттеулерде майндфулнес-интервенциялардан өткен қатысушылардың қабылданатын стресс деңгейі, мазасыздық және депрессия симптомдары бақылау топтарымен салыстырғанда статистикалық тұрғыдан мәнді төмендегені анықталды. Ерекше назар майндфулнестің когнитивтік бақылауды арттыруына, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуына, сондай-ақ зерделіліктің эмоционалдық әл-ауқатқа, ұйқы сапасына және осындай бағдарламалардан кейін өмірді субъективті қабылдауға тигізетін оң ықпалына аударылды.  Интервенциялардың әртүрлі форматтары қарастырылды: классикалық MBSR бағдарламалары, қашықтан және онлайн курстар, бейімделген хаттамалар, сондай-ақ қысқа медитациялар мен мобильді қосымшалар. Бағдарламалар әртүрлі топтар үшін әмбебап тиімділігін көрсетті: студенттер, мектеп оқушылары, жұмыс істейтін ересектер, сондай-ақ мазасыздық деңгейі жоғары немесе созылмалы стресске ұшыраған тұлғалар.

Metrics

Metrics Loading ...

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Майндфулнес-интервенциялардың стресс, мазасыздық және депрессия белгілерін төмендетудегі тиімділігі туралы эксперименттік зерттеулер: жүйелі шолу. (2025). Psychology and Cognitive Sciences , 152(3), 39-52. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-152-3-39-52

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 24

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары