Қазақстан жастары арасында стресс пен депрессияны төмендетуге арналған саналы зейінге негізделген тәжірибелерді енгізу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-156-3-44-55

Кілт сөздер:

MBSR, саналы зейін, стресс, депрессия, жастар, Қазақстан, психологиялық әл-ауқат.

Аңдатпа

Стресс, мазасыздық және депрессиялық көріністер Қазақстан жастарының психикалық денсаулығының осалдық көрсеткіштері ретінде қарастырылады. Олар академиялық және әлеуметтік-мәдени қысымның артуы жағдайында қалыптасады. Саналы зейінге негізделген бағдарламалардың тиімділігі дәлелденгеніне қарамастан, олардың Орталық Азия контексіндегі эмпирикалық валидациясы жеткіліксіз зерттелген.

Осы мақалада Қазақстан жастары арасында стресс пен депрессиялық симптомдарды төмендетуге бағытталған MBSR тәжірибелерін енгізудің теориялық негіздемесі, алдын ала эмпирикалық деректері және іске асыру моделі ұсынылады. Зерттеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын AP26102139 «Қазақстан жастары арасында стресс пен депрессияны төмендету үшін MBSR тәжірибелерін қолдану» ғылыми жобасы аясында жүргізілуде. 18–22 жас аралығындағы 131 университет студентін қамтитын іріктеме бойынша алынған алдын ала эмпирикалық деректер саналы зейіннің академиялық үлгеріммен және психологиялық әл-ауқатпен оң байланысын, ал қабылданатын стресс деңгейімен теріс байланысын көрсетті. Жоба сондай-ақ MBSR бағдарламасын Қазақстанның білім беру және психологиялық тәжірибесіне мәдени бейімдеуді, 8 апталық интервенциялық курсты өткізуді, психологиялық диагностика жүргізуді және биологиялық кері байланыс, жүрек соғу ырғағының вариабельділігі (HRV), газоразрядтық визуализация және электроэнцефалография (ЭЭГ) сияқты физиологиялық бағалау әдістерін қамтиды.

Алынған нәтижелер ұсынылған модельдің бірқатар қиындықтары мен шектеулерін көрсеткенімен, MBSR-дің Қазақстан жастарының психикалық денсаулығын нығайтудың ғылыми негізделген әрі практикалық маңызды құралы ретіндегі перспективаларын айқындайды.

Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 1

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-18

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қазақстан жастары арасында стресс пен депрессияны төмендетуге арналған саналы зейінге негізделген тәжірибелерді енгізу. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 156(3), 44-55. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-156-3-44-55

Ұқсас мақалалар

51-60 тен 90

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары