Қазақстандағы білім беру саласындағы қызметкерлер арасында эмоциялық жану анықтау құралы ретінде жасанды интеллектті (ЖИ) пайдалану: табиғи тілді өңдеу (ТТӨ) тәсілі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-151-2-53-69

Кілт сөздер:

Эмоционалдық жану синдромын анықтау, эмоционалдық шаршау, жасанды интеллект, табиғи тілді өңдеу (ТТӨ), жұмыс жүктемесіне байланысты стресс, психикалық денсаулық.

Аңдатпа

Қазақстандағы білім беру саласындағы қызметкерлер арасында эмоционалдық жану мәселесі өзекті де, әрі маңызды проблемаға айналуда, әсіресе жоғары жұмыс жүктемесі жағдайында. Жұмыс міндеттерінің артуы мен әкімшілік талаптардың көбеюі қызметкерлердің әл-ауқатының нашарлауына және олардың өнімділігінің төмендеуіне себеп болуда.

Бұл зерттеу білім беру қызметкерлері арасындағы коммуникацияларды талдай отырып, эмоционалдық  жануды анықтауда жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын, атап айтқанда, табиғи тілді өңдеу (ТТӨ) әдістерін қолдануды зерттейді.

Қорытылған деректер бес ірі білім беру мекемелерінен және ішкі хат алмасулардан жиналды, кері байланыс формаларын, сондай-ақ хаттамаларын қамтыды. ЖИ моделінде дауыс биіктігін талдау мен кілт сөздерді анықтау әдістері арқылы күйзеліс, эмоционалдық жану және шаршаудың тілдік индикаторлары айқындалды.

Зерттеу нәтижелері ЖИ негізіндегі эмоцияналдық жанудың анықтау жүйесінің жоғары тиімділігін көрсетеді. Мысалы, академиялық және студенттік қызметтер бөлімдерінде жоғары стресс деңгейіндегі эмоцияналдық жанудың 85% дәлдікпен болжау мүмкіндігі анықталды. Жұмыскерлердің өзін-өзі бағалау деректерімен салыстырғанда, ЖИ жүйесі 75% күю қаупін анықтай алған, бұл қызметкерлердің өздері көрсеткен 60%-дық деңгейден жоғары, яғни ЖИ жүйесі жасырын түрде қалыптасатын эмоцияналдық жанудың жағдайларын да анықтай алатынын дәлелдейді.

Зерттеу ЖИ құралдарының білім беру мекемелерінде эмоционалдық жану мәселесін басқаруда құнды ақпарат ұсына алатынын және проактивті шешімдерге жол ашатынын дәлелдейді.Сонымен қатар, ЖИ модельдерін одан әрі жетілдіріп, стресс деңгейін анықтау дәлдігін арттыру үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет.

Metrics

Metrics Loading ...

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-28

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қазақстандағы білім беру саласындағы қызметкерлер арасында эмоциялық жану анықтау құралы ретінде жасанды интеллектті (ЖИ) пайдалану: табиғи тілді өңдеу (ТТӨ) тәсілі. (2025). Psychology and Cognitive Sciences , 151(2), 53-69. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-151-2-53-69

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 14

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.