Құндылыққа бағдарланған когнитивтік дайындық институционалдық белгісіздік жағдайында басқарушылық шешім қабылдаудың әлеуметтік-психологиялық факторы ретінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-156-3-56-68

Кілт сөздер:

басқарушылық шешім қабылдау; когнитивтік дайындық; институционалдық белгісіздік; құндылықтық бағдар; рефлексивтік бақылау; ұйымдық мәдениет; жауапкершілік.

Аңдатпа

Мақалада құндылыққа бағдарланған когнитивтік дайындық институционалдық белгісіздік жағдайында басқарушылық шешім қабылдаудың кешенді әлеуметтік-психологиялық факторы ретінде негізделеді. Классикалық және қазіргі зерттеулерді интегративті теориялық шолу және концептуалдық синтез негізінде институционалдық белгісіздік қарапайым ақпараттық белгісіздіктен ажыратылып, ұсынылған конструктінің құрылымы нақтыланады. Теориялық талдау құндылыққа бағдарланған когнитивтік дайындықтың өзара байланысты алты компонентін айқындады: когнитивтік, рефлексивтік, эмоциялық-реттеуші, мотивациялық, этикалық-құндылықтық және коммуникативтік. Сонымен қатар шешімнің сапасын, легитимділігін және тұрақтылығын қамтамасыз етуі ықтимал жеті әлеуметтік-психологиялық механизм жүйеленді: рефлексивтік бақылау, құндылықтық үйлесімділік, әлеуметтік перспективаны ескеру, жауапкершілікті интериоризациялау, коммуникативтік сенім, кәсіби сәйкестік және когнитивтік қателерді реттеу. Бұл элементтер диагностикалық бағдарлау, құндылықтық бағалау, жауапты таңдау және кері байланысы бар әлеуметтік-психологиялық іске асырудан тұратын төрт кезеңді модельге біріктірілді. Ұсынылған тәсіл когнитивтік бейімделу, этикалық жауапкершілік және ұйымдық өзара әрекеттесуді біртұтас шешім қабылдау үдерісінде байланыстырады. Мақала эмпирикалық емес, теориялық сипатта; алынған нәтижелер одан әрі операцияландыру мен эмпирикалық тексеруді қажет ететін концептуалдық тұжырымдар болып табылады. Орта және жоғары буын басшыларының шешім қабылдау құзыреттілігін дамытуға арналған практикалық ұсынымдар берілген.

Қаралымдар: 5 / PDF жүктеулері: 1

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-18

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Құндылыққа бағдарланған когнитивтік дайындық институционалдық белгісіздік жағдайында басқарушылық шешім қабылдаудың әлеуметтік-психологиялық факторы ретінде. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 156(3), 56-68. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-156-3-56-68

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 49

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.