Цифрлық білім беру ортасында болашақ педагогтердің  кәсіби тұрақтылығын диагностикалау: тәсілдер, әдістемелер және интерпретациялар

Авторлар

  • А.С. Мусраунова Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Қарағанды, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0004-2306-9366
  • А.Р. Альгожина Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Қарағанды, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0001-8771-0459
  • Л. Төлегенқызы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-5002-0785

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-155-2-205-220

Кілт сөздер:

педагог, цифрлық білім беру ортасы, кәсіби тұрақтылық, кәсіби бейімделу, цифрландыру

Аңдатпа

Қазіргі білім беру жүйесінің цифрландыру жағдайындағы трансформациясы жоғары деңгейдегі бейімделу мен кәсіби тұрақтылыққа ие педагогтерге деген қажеттілікті айқындайды. Зерттеудің өзектілігі цифрлық білім беру ортасы жағдайында болашақ педагогтердің кәсіби қызметке даярлығын бағалау құралдарын іздестіру қажеттілігіне негізделеді. Мақаланың мақсаты – болашақ педагогтердің кәсіби тұрақтылығын диагностикалауға арналған тәсілдерді ғылыми тұрғыда негіздеу және алынған деректерді интерпретациялау әдістемелерін верификациялау.

Мақалада тұлғаның интегративті қасиеті ретіндегі кәсіби тұрақтылықты дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздері ашылады. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы әртүрлі ғалымдар ұсынған «педагогтердің кәсіби тұрақтылығы» ұғымына берілген анықтамаларға қатысты тәсілдерді жүйелеуде көрініс табады. Зерттеу әдіснамасы әдебиеттерге жүйелі талдау жасауды, диагностикалық әдістемелерді және педагогикалық модельдеу әдісін үйлестіретін кешенді тәсілге негізделеді. Жұмыстың негізгі нәтижесі – когнитивтік, мотивациялық-құндылықтық және операциялық-технологиялық критерийлерді қамтитын әзірленген диагностикалық кешен болып табылады. Зерттеу барысында студенттердің кәсіби тұрақтылық деңгейлері анықталып, диагностиканың нәтижелеріне авторлық интерпретациялар ұсынылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы «педагогтың кәсіби тұрақтылығы» ұғымын цифрлық білім беру ортасына қатысты теориялық негіздеудің, болашақ педагогтердің цифрлық білім беру ортасының талаптарына дайындықтарын кешенді бағалауға мүмкіндік беретін критериалды-диагностикалық аппаратты әзірлеумен айқындалады.

Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңыздылығы ұсынылған құралдарды жоғары оқу орындарында білім беру траекторияларын түзету үшін және болашақ педагогтердің кәсіби тұрақтылығын алдын ала бағалау үшін қолдануға мүмкіндік беруінде.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Цифрлық білім беру ортасында болашақ педагогтердің  кәсіби тұрақтылығын диагностикалау: тәсілдер, әдістемелер және интерпретациялар. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 155(2), 205-220. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-155-2-205-220

Ұқсас мақалалар

21-30 тен 35

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.