Цифрлық дәуірдегі балалық шақ құбылысының мәдени-психологиялық өзгеруі

Авторлар

  • Н. С. Тленчиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-4026-9042
  • Г.А. Қасен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-7109-3158
  • П.Т. Абдуллаева Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-2546-0535
  • Е.М. Есенқожа әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0000-9264-0969

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-156-3-129-150

Кілт сөздер:

балалық шақ, мәдени-психологиялық өзгерістер, цифрландыру, цифрлық трансформация, цифрлық тәуелділік, дивергентті ойлау, цифрлық мәдениет.

Аңдатпа

Мақалада цифрлық қоғамның қалыптасуы жағдайында балалық шақ феноменінің мәдени-психологиялық өзгеруі қарастырылады. Цифрлық технологиялардың балалардың күнделікті өміріне ерте және кеңінен енуі балалық шақтың әлеуметтену ерекшеліктерін түбегейлі өзгертуде. Осы өзгерістердің салдары ретінде цифрлық тәуелділік феномені мен оның баланың психикалық дамуына ықпалы өзекті ғылыми мәселе ретінде айқындалады.

Зерттеудің мақсаты – цифрлық орта жағдайында балалық шақтың мәдени-психологиялық трансформациясын анықтау және бастауыш сынып оқушыларының үлгісінде негізгі өзгеріске ұшырайтын құбылыстарды, атап айтқанда жетекші іс-әрекет құрылымының эволюциясын және балалардың ойлау үрдістерінің ерекшеліктерін кешенді талдау.

Зерттеуге Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 3–4 сыныптарында оқитын 103 оқушы қатысты. Эмпирикалық зерттеуде N.S. Hawi әзірлеген «Цифрлық тәуелділік шкаласы» және Э.П.Торренс шығармашылық ойлаудың бейнелік тестінің қысқартылған нұсқасы қолданылды. Алынған деректер SPSS for Windows бағдарламасында Манн–Уитни критерийі мен Спирменнің рангілік корреляция коэффициенті арқылы өңделді.

Зерттеу нәтижелері бастауыш мектеп жасындағы балалардың бір бөлігінде цифрлық тәуелділіктің қалыптасу қаупі бар екенін көрсетті. Цифрлық құрылғыларды шамадан тыс пайдалану мен дивергентті ойлаудың «икемділік» компоненті арасында статистикалық мәнді теріс байланыс анықталды. Сонымен қатар, цифрлық тәуелділіктің эмоционалдық жай-күйдің жақсаруы және отбасылық қарым-қатынастардағы қиындықтармен байланысы байқалды.

Нәтижесінде, алынған мәліметтер цифрлық құрылғыларды бақылаусыз қолдану бастауыш мектеп жасындағы балалардың танымдық және шығармашылық дамуына кері әсер етуі мүмкін екенін дәлелдейді және балалардың цифрлық мінез-құлқын реттеу мен цифрлық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын көрсетеді.

Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 1

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-18

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Цифрлық дәуірдегі балалық шақ құбылысының мәдени-психологиялық өзгеруі. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 156(3), 129-150. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-156-3-129-150

Ұқсас мақалалар

71-80 тен 82

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары