Қазақстандық жоғары оқу орындары педагогтарының эмоционалды күйіп қалуы: фокус-топтың деректері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-152-3-206-221

Кілт сөздер:

эмоционалды күйіп қалу, Қазақстандық жоғары оқу орындары педагогтары, эмоционалды күйіп қалудың болжаушылары мен белгілері

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақстандық жоғары оқу орындары педагогтарының эмоционалды күйіп қалуының әртүрлі аспектілерін фокус-топтық зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеуге «500 ғалым» бағдарламасының стажер-оқытушылары қатысты. Зерттеуде жоғары оқу орындары педагогтарының эмоционалды күйіп қалуына ықпал ететін ұйымдастырушылық стресстік факторлар анықталды. Ғылыми зерттеу объектісі ретінде қазақстандық жоғары оқу орындары педагогтарының кәсіби қызметі зерттелді. Зерттеу пәні ретінде жоғары оқу орындары педагогтарының эмоционалды күйіп қалу феномені қарастырылды.

Мұғалімдердің эмоционалды күйіп қалуы олардың денсаулығына ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарындағы білім сапасына да кері әсерін тигізеді. Зерттеу көрсеткендей,эмоционалды күйіп қалған жоғары оқу орындары педагогтарының ынтасы аз, олардың белсенділігі мен өнімділігі төмендейді, бұл өз кезегінде студенттерге әсер етеді. Студенттер пәнге деген қызығушылықтың төмендеуін, оқу үлгерімінің нашарлауын және тіпті психологиялық жағдайдың проблемаларын сезінуі мүмкін.

Бұл зерттеудің практикалық және ғылыми құндылығы қазақстандық жоғары оқу орындары педагогтарының эмоционалды күйіп қалуының негізгі болжаушылары мен белгілерін жүйелеуі болып табылады. Зерттеудің өзектілігі қарамастан, жоғары оқу орындары педагогтарының эмоционалды күйіп қалу проблемасы қазіргі Қазақстандық психологиялық ғылымда жеткіліксіз қамтылған мәселелердің бірі болып қала береді.

Metrics

Metrics Loading ...

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қазақстандық жоғары оқу орындары педагогтарының эмоционалды күйіп қалуы: фокус-топтың деректері. (2025). Psychology and Cognitive Sciences , 152(3), 206-221. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-152-3-206-221

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 33

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.