Жоғары білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардыпсихологиялық қолдаудың теориялық және әдіснамалық негіздері

Авторлар

  • М.Д. Касымбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0003-3654-5718
  • А.Р. Мандыкаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-0724-7247

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-156-3-100-114

Кілт сөздер:

ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар, психологиялық қолдау, әлеуметтік қолдау, психологиялық-педагогикалық қолдау, жоғары білім беру ұйымдары, инклюзивті білім, ерекше білім беру қажеттіліктері.

Аңдатпа

Мақалада жоғары білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар білімалушыларды психологиялық қолдаудың теориялық және әдіснамалық негіздері қарастырылады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды және бейімделу қиындықтары бар білімалушылардың психологиялық қолдаудың қағидаттары, тәсілдері мен бағыттары ашылады. «Психологиялық қолдау», «ерекше білім беру қажеттіліктері», «инклюзивті білім беру» ұғымдарының мәні ашылады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды қолдаужүйесін ұйымдастырудың негізгі тәсілдері мен қағидаттары анықталды. Жүйелік, гуманистік, тұлғаға бағытталған және құзыреттілік тәсілдерді қамтитын әдіснамалық негіздер бөлінді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық қолдаудыңмазмұны мен бағыттарын анықтайтын негізгі ұғымдар мен тәсілдер қарастырылады. Сапалыжоғары білімге тең қол жеткізуді қамтамасыз етудің маңызды шарты ретінде инклюзивті білімберу ортасын құруға баса назар аударылды.

Жоғары білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардыңтабысты бейімделуін және өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз ету үшін психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік қолдауды интеграциялау қажеттілігі негізделген.

Диагностикалық, түзету-дамытушылық, кеңес беру және психологиялық ағартушылыққызметті қамтитын кешенді тәсілдің маңыздылығы атап өтіледі. Инклюзивті университетортасын қалыптастыруда оқытушылардың, психологтардың, эдвайзерлердің және студенттерқауымдастығының күш-жігерін біріктіру қажеттілігі негізделеді.

Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 1

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-18

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жоғары білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардыпсихологиялық қолдаудың теориялық және әдіснамалық негіздері. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 156(3), 100-114. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-156-3-100-114

Ұқсас мақалалар

71-80 тен 89

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.