Жоғары оқу орны педагогтерінің еңбекке және кәсіби қызметке қанағаттануыныңпсихологиялық ерекшеліктерін дисперсиялық талдау

Авторлар

  • Д.А. Жансерикова Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті, Қарағанды, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0001-8414-9790
  • Р.Т. Алимбаева Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті, Қарағанды, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0001-6577-1445
  • А.В. Панченко Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті, Қарағанды, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0005-9510-5327
  • Р.Е. Садыканова Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті, Қарағанды, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0003-1559-2611

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-156-3-86-99

Кілт сөздер:

педагог, еңбекке қанағаттану деңгейі, кәсіби қызмет, еңбек өтілі, жұмыс ортасы, дисперсиялық талдау, Бонферрони әдісі.

Аңдатпа

Мақалада зерттеуге қатысқан жоғары оқу орны педагогтерінің еңбек өтілі де маңыздыфактор ретінде қарастырылған. Жалпы еңбек өтілі педагогтердің кәсіби қызметіндегітәжірибесін, біліктілігін және жұмысқа деген көзқарасын көрсетеді. Зерттеу нәтижелерібойынша, еңбек өтілі артқан сайын педагогтердің еңбекке және кәсіби қызметке қанағаттанудеңгейінде белгілі бір өзгешеліктер байқалады. Бұл педагогтердің тәжірибесі олардың жұмысқадеген сенімдерін, мотивациясын және психологиялық жайлылығын қалыптастыруда маңыздырөл атқаратынын дәлелдейді. Сондықтан, жалпы еңбек өтілі педагогтердің кәсіби дамуы менқызметіне қанағаттануын анықтайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Біздің зерттеуімізде қолданылған негізгі психологиялық инструмент Миннесота еңбеккеқанағаттанушылық сауалнамасының қысқартылған нұсқасы (MSQ), қызметкердің қанағаттанудеңгейін бұрын қолданылған жалпы немесе шамамен бағалау көрсеткіштеріне қарағандаанағұрлым жекелендірілген түрде анықтауға мүмкіндік береді және бұл айырмашылықтардытүсіну үшін жұмыс ортасының нақты аспектілері бойынша қанағаттануды өлшеу пайдалыболып табылады.

Зерттеулер адамдардың кәсіби қажеттіліктерінде қызметкерлердің еңбек өтілінебайланысты қоғамдағы мәртебе мүмкіндігі, ар-ұжданға сай әрекет ету мүмкіндігі, ертеңгі күнгесенімділік, басқалардың жауапкершілігін талап ету мүмкіндігі, өз қабілеттерін іске асыру, қызмет бабында өсу мүмкіндігі, жақсы жұмыс үшін мойындалу сияқты нақты көрсеткіштердіңарасындағы жеке айырмашылықтардың бар екенін анықтауға мүмкіндік берді.

Бұл мақаланың мақсаты білім беруді цифрландыру жағдайындағы жоғары оқу орындарыеңбек өтілдерін есепке ала отырып педагогтерінің еңбекке және кәсіби қызметке қанағаттанудеңгейін анықтау, сондай-ақ жұмыс ортасының негізгі факторларының бұл көрсеткішке әсерінбағалау. Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер белгіленді: педагогтердің еңбекке қанағаттанудеңгейін анықтау; кәсіби қызметке қанағаттануға әсер ететін негізгі факторларды айқындау; жұмыс ортасының еңбек жағдайлары, ұйымдық қолдау, әріптестермен қарым-қатынас, кәсібидаму мүмкіндіктерінің түрлі аспектілерін талдау; әртүрлі топтар арасындағыайырмашылықтарды дисперсиялық талдау әдісі арқылы бағалау.

Ғылыми мақаланың зерттеу нәтижелері дисперсиялық талдау негізінде анықталып, педагогтердің қанағаттану деңгейіндегі елеулі айырмашылықтар мен заңдылықтарды көрсетугемүмкіндік берді. Бұл білім беру ұйымдарында тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауғажәне педагогтердің кәсіби қанағаттануын арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеуге негізбола алады.

Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 1

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-18

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жоғары оқу орны педагогтерінің еңбекке және кәсіби қызметке қанағаттануыныңпсихологиялық ерекшеліктерін дисперсиялық талдау. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 156(3), 86-99. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-156-3-86-99

Ұқсас мақалалар

71-80 тен 85

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.