Жоғары стандарттар жағдайындағы психологиялық бақуаттылық: перфекционизм мен эмоциялық интеллектінің рөлі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-155-2-164-176

Кілт сөздер:

перфекционизм, эмоциялық интеллект, тұлғаның мазасыздануы, эмоциялық реттеу, психологиялық бақуаттылық, күйзеліс, бейімделу.

Аңдатпа

Бұл мақалада заманауи теориялық және эмпирикалық тәсілдерге сүйене отырып, эмоциялық интеллект, перфекционизм және тұлғаның мазасыздануының өзара байланысы жан-жақты талданады. Зерттеу перфекционистік тенденциялардың көрінісіне эмоциялық интеллектінің әсерін және олардың тұлғалық мазасызданумен байланысын анықтауға бағытталған.

Осы жұмыста «эмоциялық интеллект», «перфекционизм», «мазасыздық» ұғымдары нақтыланады, олардың құрылымдық құрамдас бөліктері мен өзара әрекеттесу механизмдері ашылады. Күйзелісті жағдайларға бейімделудегі эмоциялық интеллектінің рөліне және эмоциялық сарқылу мен үрейдің жоғарылауына перфекционизмнің ықпалына ерекше назар аударылады. Қол жетпес мұратқа ұмтылу және эмоцияларды басу ішкі қайшылықтарды күшейтіп, мінез-құлықты бұзатыны баса айтылады. Мұнда перфекционизм әрқашан теріс болмайды, ол адаптивті және дезадаптивті деп қарастырылады. 

Зерттеудің эмпирикалық бөлігі сандық дизайнға сүйенді және деректерді талдауға корреляциялық әдіс қолданылды. Нәтижелер эмоциялық интеллектінің кейбір құрамдас бөліктері – өзін-өзі бақылау және бақуаттылық – тұлғалық мазасыздықпен теріс болжамды байланысы бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, перфекционизмнің дезадаптивті көріністері мазасыздану деңгейін арттыра отырып, оң болжамды әсер көрсетеді. Анықталған өзара қатынастар тұлғаның когнитивті-эмоциялық факторларының өзара әрекеттесуінің күрделі динамикасын растайды және психологиялық тұрақтылықтың негізгі ресурсы ретінде эмоциялық құзыреттілікті дамыту қажеттілігін көрсетеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жоғары стандарттар жағдайындағы психологиялық бақуаттылық: перфекционизм мен эмоциялық интеллектінің рөлі. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 155(2), 164-176. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-155-2-164-176

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 68

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.