Аутистік спектр бұзылыстары бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың мазасыздық күйі: әлеуметтік-психологиялық талдау
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-155-2-148-163Кілт сөздер:
аутистік спектрдің бұзылысы, АСБ балалардың ата-аналары, мазасыздық, негізсіз мазасыздық, қорқыныш, созылмалы шаршау, әлеуметтік-психологиялық талдау.Аңдатпа
Мақалада әлеуметтік-психологиялық талдау контексінде, аутистік спектрдің бұзылысы барбалаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың мазасыздық күйі қарастырылған. Зерттеудіңөзектілігі АСБ балалар санының өсуімен және баланы тәрбиелеу және әлеуметтік бейімделуерекшеліктерімен байланысты ұзақ уақыттық эмоционалды шиеленісті сезінетін ата-аналардыңпсихологиялық күйін зерттеу қажеттілігімен байланысты. Зерттеудің мақсаты-АСБ балалардыңата-аналарында мазасыздық күйдің пайда болу ерекшеліктерін және мазасыздық деңгейіне әсерететін әлеуметтік-психологиялық факторларды анықтау болып табылады. Зерттеуде отбасыныңәлеуметтік-демографиялық және психологиялық ерекшеліктерді зерттеуге бағытталған авторлықсауалнама, сонымен қатар В.В.Бойконың негізсіз мазасыздыққа бейімділіктіэкспресс-диагностикалау әдістемесі қолданылды. Зерттеуге АСБ балаларды тәрбиелеп отырған118 ата-ана қатысты. Эмпирикалық зерттеуден алынған нәтижелер бойынша ата-аналардың 38%-ында негізсіз мазасыздықтың жоғары деңгейі анықталды. Мазасыздықтың негізгі детерминантыретінде баланың болашақтағы әлеуметтік бейімделуіне қатысты қорқыныш болып табылады. Сонымен қатар, ата-аналардың өздерінің ата-аналық міндеттерін толық орындай алмауым мүмкіндеген уайымы олардың жасырын мазасыздық деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Сондай-ақәкелерге қарағанда аналарда АСБ баланы тәрбиелеу және күтім жасаумен байланыстытуындайтын мазасыздық күйі жоғары көрінді. Зерттеу нәтижелері АСБ баланы тәрбиелепотырған отбасының мазасыздық күйін төмендетуге және психологиялық әл-ауқатын көтеругебағытталған психологиялық қолдаудың кешенді бағдарламасын өңдеу қажеттілігін көрсетеді.






