Қазақстан жастары арасында стресс пен депрессиялық симптомдарды төмендетуге бағытталған Mindfulness-Based Stress Reduction (MBSR) бағдарламасын қолданудың ғылыми аспектілері: нарративті шолу
Кілт сөздер:
mindfulness-based stress reduction (MBSR), майндфулнесс, саналық, стресс, депрессия, эмоцияларды реттеу, жастар.Аңдатпа
Бұл мақалада 2015–2025 жылдар аралығында жарияланған заманауи ғылыми еңбектерге сүйене отырып, Mindfulness-Based Stress Reduction (MBSR) бағдарламасының жастар арасындағы стресс пен депрессиялық симптомдарға ықпалына нарративті шолу жүргізілді.
Зерттеу барысында қазақстандық және халықаралық мета-талдаулар мен рандомизацияланған бақыланатын зерттеулердің нәтижелері жүйеленді. Алынған деректер MBSR бағдарламасының стресс деңгейін төмендетуде оң әсер көрсететінін және бұл әсер эмоцияны реттеу мен зейінді бақылау механизмдерінің күшеюімен байланысты екенін көрсетеді.
Депрессиялық симптомдарға қатысты әсер көбіне шағын немесе орташа деңгейде байқалады және ол интервенцияның ұзақтығына, қатысушылардың белсенділігіне, сондай-ақ зерттеу контекстіне тәуелді екені анықталды. Сонымен қатар, онлайн және гибридті форматтардың тиімділігі туралы деректер MBSR бағдарламасының қолжетімділігін арттыру мүмкіндігін көрсетеді. Жүргізілген нарративті талдау MBSR бағдарламасын Қазақстан жастарының мәдени және білім беру контекстіне бейімдеп қолданудың ғылыми негізделген мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді.




