Қазақстан жастары арасында стресс пен депрессиялық симптомдарды төмендетуге  бағытталған Mindfulness-Based Stress Reduction (MBSR) бағдарламасын қолданудың  ғылыми аспектілері: нарративті шолу

Авторлар

  • Ж.К. Аубакирова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-4868-7118
  • Л.Ө. Ағажаева Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0003-6443-0640
  • С.В. Карагулакова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0000-7885-9833

Кілт сөздер:

mindfulness-based stress reduction (MBSR), майндфулнесс, саналық, стресс, депрессия, эмоцияларды реттеу, жастар.

Аңдатпа

Бұл мақалада 2015–2025 жылдар аралығында жарияланған заманауи ғылыми еңбектерге сүйене отырып, Mindfulness-Based Stress Reduction (MBSR) бағдарламасының жастар арасындағы стресс пен депрессиялық симптомдарға ықпалына нарративті шолу жүргізілді.

Зерттеу барысында қазақстандық және халықаралық мета-талдаулар мен рандомизацияланған бақыланатын зерттеулердің нәтижелері жүйеленді. Алынған деректер MBSR бағдарламасының стресс деңгейін төмендетуде оң әсер көрсететінін және бұл әсер эмоцияны реттеу мен зейінді бақылау механизмдерінің күшеюімен байланысты екенін көрсетеді.

Депрессиялық симптомдарға қатысты әсер көбіне шағын немесе орташа деңгейде байқалады және ол интервенцияның ұзақтығына, қатысушылардың белсенділігіне, сондай-ақ зерттеу контекстіне тәуелді екені анықталды. Сонымен қатар, онлайн және гибридті форматтардың тиімділігі туралы деректер MBSR бағдарламасының қолжетімділігін арттыру мүмкіндігін көрсетеді. Жүргізілген нарративті талдау MBSR бағдарламасын Қазақстан жастарының мәдени және білім беру контекстіне бейімдеп қолданудың ғылыми негізделген мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қазақстан жастары арасында стресс пен депрессиялық симптомдарды төмендетуге  бағытталған Mindfulness-Based Stress Reduction (MBSR) бағдарламасын қолданудың  ғылыми аспектілері: нарративті шолу. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 154(1), 23-32. https://psyjournal.enu.kz/index.php/pcs-journal/article/view/125

Ұқсас мақалалар

21-30 тен 44

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.