Жаһандық өзгерістер аясында болашаққа қатысты мазасыздығы жоғары жасөспірімдерге психоэмоционалдық қолдау көрсету тренингінің тиімділігін бағалау
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-152-3-193-205Кілт сөздер:
жасөспірімдердің мазасыздығы, тренингтік жұмыс, жаһандық өзгерістер, стресс-төзімділік, болашақты жоспарлау, психоэмоционалды қолдау.Аңдатпа
Әлемдегі күшейіп келе жатқан белгісіздік пен жаһандық өзгерістер жағдайында жасөспірімдердің болашаққа қатысты стресс пен мазасыздыққа төзімділігін арттыру мәселесі ерекше өзектілікке ие болуда. Бұл зерттеудің өзектілігі – жасөспірімдерде стресс пен мазасыздыққа төзімділікті қалыптастыру қажеттілігімен айқындалады, бұл олардың әл-ауқаты мен сәтті әлеуметтенуінің негізгі шарты болып табылады. Зерттеудің мақсаты – 12–16 жастағы жасөспірімдердің мазасыздық деңгейін төмендетуге, стресс-төзімділікті, өзін-өзі реттеуді және өзіне сенімділікті дамытуға бағытталған «Болашаққа сеніммен көзқарас» атты тренингті әзірлеу және сынақтан өткізу. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы – қазіргі әлемнің жаһандық проблемаларын ескере отырып, жас ерекшеліктеріне сай бейімделген жасөспірімдерді психоэмоционалды қолдау бойынша тренинг бағдарламасын әзірлеу.
Зерттеу әдістемесі ретінде А.М. Прихожан мен Спилбергер-Ханин әдістемелері арқылы тренингке дейінгі және кейінгі мазасыздық деңгейін бағалау, 27 сағаттық тренинг өткізу және SPSS бағдарламасында студенттің жұптық t-критерийі бойынша мәліметтерге метаматематикалық талдау жүргізу қолданылды. Нәтижелер жеке және реактивті мазасыздықтың сенімді төмендегенін көрсетті (Cohen’s d > 1). Зерттеу қолданбалы психология саласына үлес қосты және мазасыздықтың алдын алуда кешенді тренингтің тиімділігін дәлелдеді.
Дайындалған бағдарлама білім беру және психологиялық мекемелерде мазасыздық деңгейі жоғары жасөспірімдермен жұмыс істеуде қолданылуы мүмкін.




