Әскери борышын өтеп жүрген сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне мазасыздық деңгейінің әсері
Кілт сөздер:
әскери бейімделу, әскери борыш, тұлғалық мазасыздық, әлеуметтік-психологиялық бейімделу, эмоционалдық дискомфорт, психологиялық тұрақтылық, копинг стратегия.Аңдатпа
Әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарда мазасыздық деңгейінің жоғары болуы әлеуметтік-психологиялық бейімделу үдерістерін едәуір қиындатып, стреске төзімділікті, тұлғааралық өзара әрекеттесуді және әскери міндеттерді тиімді орындаудың төмендеуіне әкеледі. Соның салдарынан сарбаздар арасында психологиялық-эмоционалдық тұрақсыздықтың күшеюі, тәртіптік бұзушылықтар мен қақтығыстардың жиілеуі жоғарылауы мүмкін. Осы мәселеге орай мақалада әскери борышын өтеп жүрген сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне мазасыздық деңгейінің әсері зерттелді. Зерттеу барысында Р. Спилбергер мен Ю. Ханиннің «Жағдайлық және тұлғалық мазасыздықты диагностикалау шкаласы» және Р. Даймонд пен К. Роджерстің әлеуметтік-психологиялық бейімделу сауалнамасы қолданылды. Эксперименталды зерттеу нәтижелері тұлғалық мазасыздық деңгейінің жоғары болуы сарбаздардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуінің бұзылуымен (r=0,502; p 0,001, эмоционалдық дискомфорттың күшеюімен (r=0,413; p 0,05) және бейімделмейтін копинг-стратегиялардың (әсіресе, мәселеден қашу тактикасы) (r=0,398; p 0,05) артуымен өзара байланысты екенін көрсетті.
Сонымен қатар, мазасыздық деңгейі жоғарылаған сайын сарбаздар қоршаған ортаны артық бақылауға тырысып, бұл олардың ішкі сенімсіздігі мен психологиялық кернеуінің өсуіне әкеледі. Зерттеу нәтижелері тұлғалық мазасыздықтың сарбаздардың дезадаптациясын күшейтетін және олардың психологиялық тұрақтылығын әлсірететін маңызды фактор болып табылатынын дәлелдейді. Алынған мәліметтер әскери ортадағы психологиялық қолдау және бейімделу бағдарламаларын жетілдіру үшін тәжірибелік тұрғыдан маңызды.




