Мемлекеттік басқару тарапынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарының өмірге құштарлығын арттыру жолдары
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-152-3-169-181Кілт сөздер:
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жақын ортасы немесе туыстары, психологиялық қызмет, психологиялық көмек пен сүйемелдеу, тұлғаның өмірге құштарлығы.Аңдатпа
Мақала инклюзивті білім берудегі мектепке дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жақын ортасы немесе ата-аналарының өмірге деген құштарлықтарын зерттеуге бағытталған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың аналарын қолдау үшін мемлекет тарапынан іс-шаралар сипатталған. Көптеген өмірлік қиындықтарға тап болған аналардың өмірге құштарлығын анықтау үшін С. Мади әдістемесі бойынша пилотаждық зерттеу жүргізілді.Автор ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың аналарын қолдаудың маңызды факторларының бірі ретінде өмірге құштарлықты дамытуды қарастырады, бұл С. Мадидің теориясы бойынша өмірге қатысудан, бақылаудан және тәуекелге баруға дайын болудан көрінеді. Автор мемлекеттік мамандандырылған балабақша жағдайында инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мақсатында психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін сипаттайды. Мақалада диагностика барысында алынған көрсеткіштерге сүйеніп мемлекеттік мекемелерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына назар аудару маңыздылығы және психологиялық көмек пен сүйемелдеуге мұқтаждылықтары бар екені ерекше анықталған.




