Педагогтардың стреске тұрақтылық компоненттерін  анықтайтын психодиагностикалық әдістемелеріне  корреляциялық талдау

Авторлар

Кілт сөздер:

стреске тұрақтылық, мұғалім, копинг стратегиялары, диагностика, созылмалы стресс, эмоциялық күю, психопрофилактика.

Аңдатпа

Зерттеуде белсенді және пассивті копинг стратегияларының айырмашылығы және олардыңэмоционалдық әл-ауқатқа әсері атап көрсетіледі. Алынған нәтижелер ұлттық және халықаралықзерттеулердің деректерімен сәйкес келеді, бұл бейімделген шкалалардың сенімділігін растап, мұғалімдердің стреске тұрақтылығын арттыруға бағытталған бағдарламаларды әзірлеудіңғылыми негізін айқындайды.

Қазіргі әлеуметтік және кәсіби жағдайлар мамандардың, әсіресе білім беру саласықызметкерлерінің психологиялық тұрақтылығына жоғары талаптар қояды. Ақпараттыққысымның артуы, әлеуметтік белгісіздік және эмоционалдық күйіп кету құбылыстарымұғалімдердің стреске тұрақтылығын сенімді диагностикалаудың маңыздылығын көрсетеді, өйткені бұл олардың кәсіби бейімделуі мен тиімді қызметінің негізгі ресурстарының бірі болыптабылады.

Зерттеудің мақсаты — педагогтардың қазақтілді аудиториясы арасында стрескетұрақтылықты анықтауға арналған психодиагностикалық әдістемелерді мәдени-тілдік бейімдеу, сондай-ақ алынған бастапқы эмпирикалық нәтижелерге корреляциялық талдау жүргізу.

Зерттеу гипотезасы қазақ тіліне бейімделген диагностикалық құралдар мұғалімдердіңқабылданған стресс деңгейі, созылмалы стресс белгілері және қолданылатын копингстратегиялары арасындағы өзара байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді деген болжамғанегізделеді.

Зерттеуге әртүрлі еңбек тәжірибесі мен кәсіби профилі бар 353 мұғалім қатысты. Қабылданған стресс шкаласы (PSS), созылмалы стресс шкаласы (LKCS) және копинг тәсілдерінанықтауға арналған сауалнама (WCQ) мәдени және лингвистикалық тұрғыдан бейімделді.

Корреляциялық талдау қабылданған стресс деңгейінің жоғары болуы, созылмалы стрессбелгілері және эмоцияға бағытталған немесе болдырмауға негізделген копинг стратегияларыарасында оң байланыс бар екенін көрсетті. Керісінше, жоспарлау және қиындықтарды белсендітүрде шешуге бағытталған проактивті стратегиялар қабылданған стресс деңгейімен теріскорреляция көрсетті, бұл олардың қорғаныс рөлін білдіреді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Педагогтардың стреске тұрақтылық компоненттерін  анықтайтын психодиагностикалық әдістемелеріне  корреляциялық талдау. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 154(1), 261-277. https://psyjournal.enu.kz/index.php/pcs-journal/article/view/132

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 26

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.