Жоғары оқу орындарында білім алушылардың емтихандық сессия кезіндегі мазасыздығының психологиялық ерекшеліктері

Авторлар

  • Э.А. Аликанова С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0009-7321-8872
  • З.К. Чункурова Қазақстан-Американдық еркін университетінің, Өскемен, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0003-4440-339X
  • Н.М. Шефер Қазақстан-Американдық еркін университетінің, Өскемен, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0003-3138-9442
  • Е.Т. Катанова Қазақстан-Американдық еркін университетінің, Өскемен, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0003-2462-7097

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-152-3-93-111

Кілт сөздер:

жоғары оқу орны, білім алушылар, емтихандық сессия, психологиялық әдістеме, мазасыздық, жағдайлық мазасыздық, тұлғалық мазасыздық, диагностикалық әдістемелер.

Аңдатпа

Мақалада жоғары оқу орындарында білім алушылардың емтихандық сессия кезіндегі психологиялық мазасыздығының ерекшеліктері қарастырылған. Ол үшін зерттеу мәселесі бойынша ғылыми психологиялық-педагогикалық әдебиеттер арасындағы сан салалы бағыттарға теориялық талдау жүргізілді.

Зерттеу барысында емтихандық сессия кезіндегі мазасыздықтың психологиялық, диагностикалық әдістемелер кешеніне сәйкес зерттелінушілерге жүргізілген үрдістер де кеңінен сөз етілді. Білім алушылардың мазасыздығын зерттеу барысында Ч. Спилбергер мен Ю. Ханиннің «Мазасыздықты анықтау» әдістемесі және Г. Айзенктің «Психикалық жағдайды өзіндік бағалау» әдістемелерін жүргізу арқылы өте жоғары, жоғары, орташа, төмен немесе өте төмен деңгейлерін алдық.

Сондай-ақ, тұлғалық немесе жағдайлық мазасыздықты анықтадық. Зерттеу жұмысына бірінші және төртінші курстың білім алушылары қатысты. Мақалада жоғары оқу орындарында білім алушылардың емтихандық сессия кезіндегі мазасыздығы жас ерекшелікке байланысты деген болжам дәлелденеді. Жағдайлық мазасыздықты қалыпты сипатта дамытуға ерекше септігін тигізген зерттеуші ғалымдардың көптеген зерттеу еңбектері мен түрлі шкала көрсеткіштері сурет, кесте арқылы зерттеу жұмысының бағыт - бағдары көрсетеді.

Зерттеу жұмысында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан-Американдық еркін университетінің жас мөлшері бойынша 17-22 жас аралығындағы білім алушыларына талдау жүргізілді. Болжамдарға сәйкес, жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың емтихандық сессия кезіндегі мазасыздық деңгейлеріне байланысты тұжырымдама жасалған. Мақала зерттеу тақырыбы аясында теориялық және эксперименталды тұрғыда талданады

Metrics

Metrics Loading ...

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жоғары оқу орындарында білім алушылардың емтихандық сессия кезіндегі мазасыздығының психологиялық ерекшеліктері. (2025). Psychology and Cognitive Sciences , 152(3), 93-111. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-152-3-93-111

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 33

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.