Психология студенттерінің перфекционистік өзін-өзі таныстыруы мен мазасыздығының өзара байланысын зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-152-3-149-168

Кілт сөздер:

перфекционистік өзін-өзі таныстыру, мазасыздану, психология студенттері, перфекционизм, психологиялық денсаулық, кемелденбеген.

Аңдатпа

Қазіргі заманғы академиялық және кәсіби орта болашақ мамандардың жеке және кәсіби қасиеттеріне жоғары талаптар қояды, бұл студенттер арасында перфекционизмнің күшеюіне ықпал етеді. Бұл зерттеу психология студенттеріндегі перфекционистік өзін-өзі таныстыру мен мазасыздық деңгейлерінің арасындағы байланысты анықтауға арналған. Жұмыстың мақсаты – перфекционистік өзін-өзі таныстыру стратегияларының ерекшеліктерін зерттеу және олардың мазасыздық жағдайларымен байланысының дәрежесін айқындау. Зерттеу нысаны – психология мамандықтарында оқитын студенттер, пәні – олардың өзін-өзі таныстыру ерекшеліктері мен эмоционалдық жағдайлары.

Зерттеуге 17 мен 22 жас аралығындағы 51 студент қатысты. Әдістемелік зерттеу құралы ретінде Перфекционистік өзін-өзі таныстыру шкаласы (PSPS; авторлар Хьюитт, Флетт) және Бек мазасыздық шкаласы (BAI) қолданылды. Нәтижелерді өңдеуде Пирсон корреляция коэффициенті пайдаланылды. Алынған мәліметтер перфекционистік өзін-өзі таныстырудың жоғары деңгейі мазасыздық деңгейінің артуымен оң байланыста екенін көрсетті (r=.283, p<.05). Перфекционистік өзін-өзі таныстырудың «идеалды бейнені көрсетуге ұмтылу» және «кемшіліктерді жасыруға ұмтылу» сияқты аспектілері мазасыздық сезімдерінің айқындылығымен тығыз байланысты екендігі анықталды. Бұл деректер студенттердің басқалардың алдында мінсіз имиджін сақтауға деген ішкі ұмтылысы мазасыздық жағдайларының дамуына ықпал ететінін болжауға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелері жастар арасындағы өзін-өзі таныстырудың психологиялық механизмдері туралы түсінікті кеңейтеді және студенттік ортада мазасыздық бұзылыстарының алдын алудың маңыздылығын көрсетеді. Жұмыс практикалық психологияда, әсіресе психопрофилактика және студенттерді кеңес беру саласында пайдалы болуы мүмкін.

Metrics

Metrics Loading ...

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Психология студенттерінің перфекционистік өзін-өзі таныстыруы мен мазасыздығының өзара байланысын зерттеу. (2025). Psychology and Cognitive Sciences , 152(3), 149-168. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-152-3-149-168