Кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың психологиялық қорғаныс механизмдері мен копинг-стратегияларының ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-156-3-115-128Кілт сөздер:
кәмелетке толмаған құқық бұзушылар; психологиялық қорғаныс механизмдері; копинг-стратегиялар; девиантты мінез-құлық; психологиялық бейімдеу; әлеуметтік бейімделу; жасөспірімдер психологиясы.Аңдатпа
Мақалада кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың психологиялық қыры қарастырылады. Мұндай мінез-құлықтың қалыптасуына әлеуметтік жағдаймен бірге жасөспірімнің ішкі психологиялық ерекшеліктері де ықпал етеді. Сондықтан құқық бұзушы жасөспірімдердің психологиялық қорғаныс механизмдері мен копинг-стратегияларын зерттеудің ғылыми әрі практикалық мәні бар.
Жұмыстың мақсаты кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың психологиялық қорғаныс механизмдері мен копинг-стратегияларының ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ олардың өзара байланысын талдау болды.
Зерттеу материалы психодиагностикалық әдістемелері арқылы жиналды. Олар психологиялық қорғаныс механизмдері мен копинг-стратегияларды бағалауға мүмкіндік берді. Топтарды салыстыру және жиналған деректерді өңдеу салыстырмалы-талдамалық әрі статистикалық тәсілдермен жүргізілді.
Топтарды салыстыру проекция, ауыстыру, компенсация, регрессия және ығыстыру бойынша статистикалық мәнді айырмашылықтарды анықтады. Эмоциялық копинг көрсеткіші құқық бұзушы топтардың бір бөлігінде болды, ал мінез-құлықтық копинг бақылау тобында жиірек байқалды. Корреляциялық талдау психологиялық қорғаныс механизмдері мен копинг-стратегиялардың өзара байланысты екенін көрсетті.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы - кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың психологиялық қорғаныс механизмдері мен копинг-стратегиялары арасындағы байланысты эмпирикалық деректер негізінде бірге талдауда. Алынған нәтижелер девиантты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктерін нақтылайды. Және кәмелетке толмағандарды психологиялық сүйемелдеу мен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысында пайдаланылуы мүмкін.





