Қазіргі цифрлық қоғам жағдайындағы жеткіншектердің өз-өзіне сенімсіздігініңпсихологиялық ерекшеліктері

Авторлар

  • Д.Б. Ешенкулова Мирас университеті, Шымкент, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-7834-1919
  • А.С. Усипбекова Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0000-1162-5872
  • А.З. Турсынбаев М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-0836-7750
  • А.Б. Жауен А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0001-9104-7047
  • Н.Д. Унарбекова А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0009-0006-4762-0268

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-155-2-104-120

Кілт сөздер:

цифрлық қоғам, қоғам, жеткіншек, сенімсіздік, өз-өзіне сенімсіздік, сенімділік, бағалау.

Аңдатпа

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, ақпараттық кеңістіктің кеңеюі жәнецифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жеткіншек тұлғасының психологиялық дамуына, өз-өзіне деген сенімділіктің қалыптасуына айтарлықтай ықпал етуде. Әсіресе әлеуметтік желілер, онлайн-коммуникациялар және виртуалды өзара әрекеттесу формалары жеткіншектердің өзіндік«Мен» бейнесін қалыптастыру үдерісін жаңа деңгейге көтеріп, оны күрделендіре түсуде. Жеткіншектік кезең – тұлғаның өзіндік санасы қалыптасатын, әлеуметтік рөлдер менқұндылықтарды меңгеру үдерісі қарқынды жүретін күрделі даму сатысы, осы кезеңде «өз-өзінесенімділік» деңгейі жеткіншектің психологиялық саулығын, тұлғалық дамуын және әлеуметтікбейімделуін айқындайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Алайда цифрлықортадағы идеалдандырылған бейнелер мен тұрақты әлеуметтік салыстырулар бұл сенімділіктіңқалыптасуына кері әсер етуі мүмкін. Мақалада қазіргі цифрлық қоғам жағдайындағыжеткіншектердің өз-өзіне сенімсіздігінің психологиялық ерекшеліктері қарастыру мақсат етілді. Эксперименттік зерттеу жұмысына мектептің 7-8 оқушылары қатыстырылды. Зерттеу барысындаГ.Н. Казанцеваның «Жалпы өзін-өзі бағалауды зерттеу» сауалнамасы, Г. Кожухарьдің «Білім беруортасындағы тұлғааралық қатынастардың сапасы» әдістемесі және А.М. Прихожанның «Өзінедеген сенімділікті бағалау» сауалнамасы қолданылды. Алынған зерттеу нәтижелері  SPSS статистикалық бағдарламасы арқылы өңделіп, талданды. Эксперименттік зерттеу нәтижелерінесәйкес жеткіншектердің өзіндік бағалауы мен тұлғааралық қатынастары олардың өз-өзіне дегенсенімділік деңгейіне тікелей әсер ететінін көрсетті. Теориялық негіз ретінде шетелдік ғалымдарГ.С. Холл, Ж. Пиаже, Л. Колберг, З. Фрейд, Э. Эриксон еңбектері және кеңестік кезеңдегі Л.Выготский, Д. Эльконин, А. Леонтьев, Л. Божович зерттеулері қарастырылды. Сонымен қатар, қазақстандық ғалымдар Қ. Жарықбаев пен С. Қалиевтің еңбектері және заманауи зерттеушілердіңА. Kumar, Valkenburg P. M., Meier A., & Beyens I., Huang C. мақалалары талданды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қазіргі цифрлық қоғам жағдайындағы жеткіншектердің өз-өзіне сенімсіздігініңпсихологиялық ерекшеліктері. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 155(2), 104-120. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-155-2-104-120

Ұқсас мақалалар

41-44 тен 44

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.