Когнитивтік мінез-құлықтық парадигмасындағы дерадикализацияның психологиялық негіздері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-155-2-51-68

Кілт сөздер:

радикалдану, тұтқындар, когнитивтік міез-құлықтық тәсілі, КМҚП толқындары, ҚМҚП құралдары, ҚМҚП құрылымы, ҚМҚП әдістері.

Аңдатпа

Радикализация қатаң когнитивтік бағыт-бардарлардың, дихотомиялық ойлаудың, жоғары эмоциялық шиеленістің және тұрақты диструктивтік мінез-құлық үлгілерінің қалыптасуымен қатар жүреді, бұл қайта әлеметтеу және әлеуметтік бейімделу үрдістерін едәуір қиындатады. Осыдан когнитивтік мінез-құлықтық парадигма психологиялық әсердің тиімділігінің үлгісі ретінде ерекше қызығушылық турдырады. Осыған орай зерттеудің өзектілігі қазіргі қоғамдағы радикалдық және экстремистік көріністердің  айқын өсуіне, сондай-ақ жеке тұлғаны дерадикализацияланудың, әсіресе пенитенциарлық жүйе жағдайында, ғылыми негізделген психологиялық тәсілдерін әзірлеу қажеттілігіне байланысты.

Зерттеудің мақсаты – когнитивтік мінез-құлықтық прарадигмасы (КМҚП) шеңберіндегі дерадикализацияның психологиялық негіздерін теориялық дәлелдеу және жүйелеу. Бұл жұмыста төрт толқын тұжырымдамасы арқылы когнитивтік мінез-құлықтық тәсілін дамытудың негізгі бағыттары қарастырылады, радикалистік сенімдердің, ойлау мен мінез-құлықтың өзгеруіне негізделген басты идеялар ашылады. Сотталғандармен танымдық мінез-құлық жұмысын кезең кезеңімен ұйымдастыруға және КМҚП-ның қазіргі заманға әдістерін интергациялау мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады.

Зерттеудің ғылым маңыздылығы когнитивтік мінез-құлықтық парадигмасының әдіснамалық әлеуетін нақтылау болып табылады. Практикалық маңыздылығы – алынған тұжырымдарды пенитенциарлық мекемелердің психологтары мен радикализацияның алдын алуды жүзеге асыратын мамандардың қызметінде қолдану мүмкіндігімен анықталады.

Зерттеудің әдіснамалық негізі ғылыми дереккөздерді теориялық талдау және синтездеу, жүйелік-құрылымдық және салыстырмалы талдау әдістері, сондай-ақ психологиялық дерадикализацияның отандық және шетелдік тәжірибесін жалпылау болмақ.

Зерттеу нәтижесінде дерадикализация үрдісінде когнитивтік мінез-құлықтық парадигмасының әртүрлі толқындарының құралдарын біріктірудің тиімділігі негізделіп, психологиялық жұмыстың негізгі кезеңдері айқындалып, әрі әсер етудің негізгі әдістері жүйеленеді. Дерадикализация бағдарламаларының базалық әдіснамалық негізі ретінде КМҚП қолданудың орындылығы туралы қорытынды жасалды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы психологиялық түзетудің, қайта әлеуметтендірудің және қайта радикалданудың алдын алудың кешенді бағдарламаларын әзірлеу және енгізу мүмкіндігінен тұрады.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяны

  • Л.К. Көмекбаева, «Q» University, Алматы, Қазақстан

    доцент кафедры психологии и журналистики

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Когнитивтік мінез-құлықтық парадигмасындағы дерадикализацияның психологиялық негіздері. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 155(2), 51-68. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-155-2-51-68

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 56

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары