Химиялық және мінез-құлықтық аддикциялар кезіндегі тұлғааралық тәуелділік,  бірге тәуелділік және психологиялық ресурстар

Авторлар

  • А.Е. Ибрагим Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан Автор https://orcid.org/0000-0002-0141-9351

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-154-1-33-46

Кілт сөздер:

тәуелді мінез-құлық, қосалқы тәуелділік, тұлғааралық тәуелділік, өміршеңдік, өмірдің мәнділігі, үмітсіздік, психодиагностика.

Аңдатпа

Өзектілігі. Аддиктивті бұзылыстар айқын психологиялық және әлеуметтік салдарларға әкеп соқтырады. Олардың дамуында тұлғааралық факторлар («тәуелділік – қосалқы тәуелділік» байланысы) мен бейімделе алмау қаупіне әсер ететін ресурстар (өмірдің мәнділігі және өміршеңдік) негізгі рөл атқарады.

Мақсаты. Зерттеу тұлғааралық тәуелділік, қосалқы тәуелділік, үмітсіздік және ресурстық айнымалылар арасындағы байланысты бағалауға, сондай-ақ химиялық және мінез-құлықтық (химиялық емес) тәуелділіктердің психологиялық профильдерін салыстыруға бағытталған.

Әдістері. Ойын (лудомания, n=14), есірткі (n=7) және алкоголь (n=1) тәуелділігі бар 22 ересек адамның (M=24.45; 18 ер адам) мәліметтері талданды. Тұлғааралық тәуелділік (IDI), Уайнхолдтың қосалқы тәуелділік шкаласы, Бектің үмітсіздік шкаласы (BHS), Өмір мәндік бағдарлар (PIL) және Өміршеңдік (Hardiness Test) тестері қолданылды. Деректерді талдау үшін Манн–Уитнидің U-критерийі, Клифф дельтасы және Спирмен корреляциясы пайдаланылды.

Нәтижелері. Химиялық тәуелділігі бар топтың жасы кішірек (p=0.039) болды, сондай-ақ оларда қосалқы тәуелділік (p=0.0036) пен эмоциялық тұрғыдан басқаларға сүйену (p=0.010) деңгейі жоғары, ал өміршеңдік көрсеткіші төмен (p=0.015) екені анықталды. Тұлғааралық тәуелділік пен өміршеңдік арасында күшті теріс байланыс (ρ=−0.87) байқалды. Қосалқы тәуелділік өміршеңдікпен (ρ=−0.79) және өмірдің мәнділігімен (ρ=−0.73) кері байланыс көрсетті. Үмітсіздік өмірдің мәнділігі (ρ=−0.64) және өміршеңдік (ρ=−0.68) көрсеткіштерімен теріс корреляцияланды.

Қорытынды. Нәтижелер ресурстық тұжырымдаманы растайды: өмірдің мәнділігі мен өміршеңдік қорғаныш факторлары болып табылады, ал тұлғааралық тәуелділік пен қосалқы тәуелділік үмітсіздікке жетелейтін осалдық тізбегін құрайды. Автономияны, жеке шекараларды және мағыналық реттеуді күшейту оңалтудың перспективалы бағыты болып саналады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Химиялық және мінез-құлықтық аддикциялар кезіндегі тұлғааралық тәуелділік,  бірге тәуелділік және психологиялық ресурстар. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 154(1), 33-46. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-154-1-33-46

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 29

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.