Университет студенттерінің академиялық үлгерімі мен психологиялық әлауқатының психологиялық ресурсы ретіндегі саналы зейін (mindfulness)
DOI:
https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-154-1-8-22Кілт сөздер:
саналы зейін, mindfulness, студенттер, академиялық үлгерім, психологиялық әл-ауқат, стресс, өзін-өзі реттеу, эмоционалдық тұрақтылық.Аңдатпа
Мақалада студенттердің саналы зейіні (mindfulness), академиялық үлгерімі, психологиялық әл-ауқаты және қабылданатын стресс деңгейі арасындағы өзара байланысын зерттеуге арналған эмпирикалық зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу Қазақстан жастары арасында стресс пен депрессия деңгейін төмендетуге бағытталған АР 26102139 «MBSR (Mindfulness-Based Stress Reduction) практикаларын қолдану» ғылыми жобасы аясында жүргізілді және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауы мен қаржыландыруымен орындалды.
Зерттеуге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 18–22 жас аралығындағы 131 студенті қатысты. Саналы зейін деңгейін бағалау үшін Mindful Attention Awareness Scale (MAAS) және Five Facet Mindfulness Questionnaire (FFMQ) әдістемелері қолданылды. Психологиялық әл-ауқат PERMA-Profiler сауалнамасы арқылы, ал субъективті стресс деңгейі PSS-14 шкаласы бойынша анықталды. Академиялық үлгерімді бағалау үшін студенттердің орташа оқу көрсеткіші (GPA) пайдаланылды. Статистикалық талдау Спирменнің рангтік корреляция коэффициенті көмегімен жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері саналы зейін деңгейі мен студенттердің академиялық үлгерімі арасында мәнді оң байланыстың бар екенін, сондай-ақ саналы зейіннің жекелеген компоненттері мен психологиялық әл-ауқат көрсеткіштері арасында оң корреляциялар анықталғанын көрсетті. Ең тұрақты өзара байланыстар қабылданатын стресс пен дистресс деңгейінің төмендеуімен байланысты «әрекеттегі саналы зейін» компоненті бойынша байқалды. Алынған деректер саналы зейіннің студенттердің эмоционалдық тұрақтылығы мен оқу тиімділігін арттыруға ықпал ететін маңызды психологиялық ресурс екенін дәлелдейді.




