Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардыңата-аналарындағы резиленттіліктің  психологиялық ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-155-2-135-147

Кілт сөздер:

резиленттілік; ата-аналар; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар; ата-аналық стресс; психологиялық ресурстар; өзіндік тиімділік; бейімделу.

Аңдатпа

Мақалада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарындағы резиленттіліктіңпсихологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі осы санаттағы отбасыларда ата-аналық стрессдеңгейінің жоғары болуы және психоэмоциялық жүктеменің басым болуымен анықталады, бұл бейімделудіңпсихологиялық ресурстарын анықтауды талап етеді.

Зерттеу барысында қазіргі заманғы ғылыми әдебиеттер талданып, резиленттілік ұғымының мәні, оныңқұрылымдық компоненттері және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарындақалыптасуына әсер ететін факторлар ашып көрсетілді. Басты назар эмоционалдық, когнитивтік, әлеуметтік жәнемәндік аспектілерге аударылды.

Эмпирикалық зерттеу көлденең дизайнда жүргізіліп, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардыңата-аналары қатысушылар ретінде іріктелді (N = 40). Ата-аналардың резиленттілік деңгейі Connor–Davidson Resilience Scale (CD-RISC) арқылы, ата-аналық стресс (PSI-SF) әдістемесімен, өзіндік тиімділік General Self-Efficacy Scale (GSES) және әлеуметтік қолдау Multidimensional Scale of Perceived Social Support (MSPSS) арқылыбағаланды.

Нәтижелер көрсеткендей, ата-аналардың резиленттілігі мен ата-аналық стресс арасында кері байланысбайқалды (r = −0,56), ал өзіндік тиімділік (r = 0,62) және әлеуметтік қолдау (r = 0,48) оң корреляция көрсетті. Бұлата-аналардың психологиялық тұрақтылығы жеке тұлғалық және әлеуметтік ресурстардың өзара әрекеттесуінетәуелді екенін дәлелдейді.

Зерттеу қорытындысы бойынша, резиленттілікті дамыту ата-аналардың стресс жағдайына бейімделуқабілетін арттырудың, психологиялық әл-ауқатын жақсартудың және отбасылық қызметтің тиімділігінқамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады. Алынған мәліметтер ата-аналарды психологиялық қолдаубағдарламаларын әзірлеуде және инклюзивті білім беру процесінде практикалық қолдануға бағытталған.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардыңата-аналарындағы резиленттіліктің  психологиялық ерекшеліктері. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 155(2), 135-147. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2026-155-2-135-147

Ұқсас мақалалар

41-50 тен 74

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.