Цифрлық ортаның феномендері: психологиялық талдау

Авторлар

Кілт сөздер:

цифрлық тартылу; цифрлық стресс; цифрлық сәйкестік; цифрлық коммуникация; цифрлық шекаралар; цифлық әл-ауқат; цифрлық мінез-құлық.

Аңдатпа

Мақала цифрлық ортаның негізгі феномендерін психологиялық тұрғыдан талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты – цифрлық орта феномендерін сипаттайтын заманауи зерттеулер нәтижелерін жүйелеу (цифрлық технологиялар мен интернет ортасының әсерінен пайда болатын немесе өзгеріске ұшырайтын құбылыстар), сондай-ақ жаңа немесе трансформацияланған феномендерді анықтау және тұжырымдамалық тұрғыдан негіздеу.

Зерттеу шолу форматында жүргізіліп, Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелген ғылыми жарияланымдарды қоса алғанда, қазіргі ғылыми әдебиеттерге контент-талдау әдісі қолданылды.

Зерттеу нәтижесінде бес негізгі феномен анықталды: цифрлық қатыстылық (digital engagement), цифрлық стресс, цифрлық шекаралар, цифрлық сәйкестік және цифрлық креативтілік. Психологиялық талдау нәтижелері цифрлық қатыстылықтың негізгі психологиялық қажеттіліктердің қанағаттандырылуымен, эмоционалдық әл-ауқатпен және цифрлық мінез-құлық үлгілерімен байланысты екенін көрсетті. Ұсынылған зерттеулерді жалпылау цифрлық сәйкестікпен цифрлық инклюзия өзара байланысты, бірақ аналитикалық тұрғыдан ажыратылатын феномендер екенін көрсетеді. Цифрлық сәйкестік цифрлық кеңістікте «Мен» бейнесін құрастырудың ішкі психологиялық процестерін бейнелейді, ал цифрлық инклюзия тұлғаның цифрлық ортаға қатысуының құрылымдық жағдайлары мен мүмкіндіктерін анықтайды. Олардың өзара әрекеттесуі цифрлық қоғам жағдайында адамның психологиялық қызмет етуінің негізін қалыптастырып, цифрлық мінез-құлықтың, эмоционалдық әл-ауқаттың және әлеуметтік белсенділіктің сипатын айқындайды.

Нәтижесінде цифрлық орта технологиялық аффорданстардың, жеке тұлғалық сипаттамалардың және әлеуметтік-мәдени факторлардың өзара әрекеттесуі арқылы қалыптасатынкөп өлшемді әлеуметтік-техникалық экожүйе ретінде қарастырылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Цифрлық ортаның феномендері: психологиялық талдау. (2026). Psychology and Cognitive Sciences , 154(1), 191-221. https://psyjournal.enu.kz/index.php/pcs-journal/article/view/121

Ұқсас мақалалар

21-24 тен 24

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.