Студенттердің әлеуметтік бейімделуіне конформизмнің психологиялық әсері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-153-4-157-174

Кілт сөздер:

әлеуметтік бейімделу, конформизм, психологиялық ықпал, тұлғалық дербестік, әлеуметтік орта, бейімделу тиімділігі, студент.

Аңдатпа

Бұл мақалада студенттердің әлеуметтік ортаға бейімделуіне конформизмнің психологиялық әсері психологиялық зерттеу әдістері арқылы талданды. Зерттеу барысында студенттердің конформдық мінез-құлық деңгейі мен олардың әлеуметтік бейімделу ерекшеліктері арасындағы өзара байланыс айқындалды. Жұмыстың теориялық маңыздылығы студенттің тұлғалық-психологиялық бейімделуін қамтамасыз ететін конформизмнің рөлін айқындау арқылы жүзеге асты. Зерттеу барысында студенттердің конформдық мінез-құлқы мен әлеуметтік бейімделу ерекшеліктерін анықтауға арналған психодиагностикалық әдістемелер кешені қолданылды: Т.О.Гордеева, О.А.Сычев, Е.Н.Осиннің «Академиялық мотивация шкаласы», А.К.Осницкийдің «Әлеуметтік-адаптациялық қабілеттер әдістемесі» және «Психологиялық мәселелер» стандартизирленген әдістемесі.

Эмпирикалық зерттеу әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қайнар университетінің 18–19 жас аралығындағы 75 студенті арасында жүргізілді. Зерттеу нәтижелері студенттердің әлеуметтік бейімделу деңгейі мен конформизм көрсеткіштері арасында өзара байланыс бар екенін көрсетті: орташа деңгейдегі конформизм бейімделуді жеңілдетіп, әлеуметтік топтағы өзара әрекеттестікті нығайтса, жоғары конформизм тұлғаның дербестігі мен ішкі мотивациясын төмендететіні анықталды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Студенттердің әлеуметтік бейімделуіне конформизмнің психологиялық әсері. (2025). Psychology and Cognitive Sciences , 153(4), 157-174. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-153-4-157-174

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 40

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.