Жоғары оқу орындарында студенттердің психологиялық денсаулығын сүйемелдеудің құрылымдық-практикалық аспектілері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-153-4-98-116

Кілт сөздер:

студенттер, жоғары оқу орны, психологиялық денсаулық, сүйемелдеу, құрылымдық-практикалық аспектілер, психологиялық қызмет, жеке психологиялық ерекшеліктер.

Аңдатпа

Бұл мақалада жоғары оқу орындарында студенттердің психологиялық денсаулығын сүйемелдеудің құрылымдық-практикалық аспектілерінің мәселелері мен болашағы қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі бар мәселелерді қарастырудың маңыздылығы мен қажеттілігімен негізделген. Зерттеудің мақсаты жоғары оқу орындарында студенттердің психологиялық денсаулығын сүйемелдеу мәселесін негіздеу және тәжірибелік-эксперименттік зерттеу арқылы сүйемелдеу жұмысының ерекшеліктері мен тиімділігін айқындайтын шараларды әзірлеу болып анықталды.

Ғылыми маңыздылығы студенттерді психологиялық сүйемелдеу туралы ғылыми түсініктерді дамыту мен кеңейтуге үлес қосуда. Практикалық маңыздылығы студенттердің психологиялық денсаулығын жақсартуға бағытталған жоғары оқу орындарының психологиялық қызметтерінің диагностикалық, профилактикалық және дамытушы қызмет бағыттарының құрылымдық-практикалық интеграциясының қажеттілігі мен тиімділігін растауда. Келесі әдістер қолданылды: зерттеу тақырыбы бойынша теориялық талдау; эмпирикалық әдістер, сауалнамалық сұрау және стандартты әдістемелер бойынша тестілеу, алынған деректердің сапалық және сандық талдауы. Жоғары оқу орындары студенттерін психологиялық сүйемелдеудің құрылымдық-практикалық тәсілі диагностикалық процедуралардың, профилактикалық іс-шаралардың және дамытушы практикалардың жеке психологиялық ерекшеліктерді және жоғары оқу орнының білім беру ортасының ерекшелігін міңдетті түрде ескере отырып интеграциясы ретінде анықталды. Эмпирикалық зерттеулер мен корреляциялық талдау нәтижелері студенттерді құрылымдық-практикалық сүйемелдеуді енгізудің тиімділігін растайды. Себебі эксперименттік топта студенттердің психологиялық денсаулығында оң өзгерістер байқалды. Алынған нәтижелер студенттерді психологиялық сүйемелдеу туралы ғылыми түсініктерді дамытуда ғылыми маңызға ие және оның практикалық құндылығын көрсетеді, өйткені жоғары білім беру мекемелерінде енгізілуі мүмкін.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-29

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жоғары оқу орындарында студенттердің психологиялық денсаулығын сүйемелдеудің құрылымдық-практикалық аспектілері. (2025). Psychology and Cognitive Sciences , 153(4), 98-116. https://doi.org/10.32523/3080-1893-2025-153-4-98-116

Ұқсас мақалалар

11-20 тен 45

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.